Style|Fashion

Әлемдік подиумды бағындырып жүрген Орталық Азияның 6 моделі

АвторыTatler Kazakhstan
01.07.2026
Данияр Берд | Wooyoungmi көктем-жаз 2027 көрсетілімі | Spotlight
IMAGE Данияр Берд | Wooyoungmi көктем-жаз 2027 көрсетілімі | Spotlight
Милан мен Парижде 2027 жылғы көктем-жазғы Ready-to-Wear ерлер сән апталығы аяқталды. Жыл өткен сайын Орталық Азиядан шыққан модельдер халықаралық аренада өздерін сенімдірек танытып келеді

Бәсекелестіктің жоғары екеніне қарамастан, біздің аймақтың өкілдері әлемдегі жетекші брендтермен жұмысын жалғастырып қана қоймай, индустриядағы орнын нығайта түсті. Бұл маусым біреулер үшін табысты мансабының жалғасы болса, енді біреулер үшін халықаралық дебютке айналды. Ал біреулері тіпті маусымда ең көп шақырту алған модельдердің қатарынан табылды.

Әлжан Жандарбеков (Қазақстан)

Агенттігі: Silence Model

Әлжан әлемдік подиумдағы алғашқы қадамын осы жылдың қаңтарында жасады. Ол қысқа уақыт ішінде Dior, Louis Vuitton, Dries Van Noten, Bottega Veneta және Loewe сияқты бірқатар ірі брендтермен жұмыс істеп үлгерді. 2027 жылғы Spring/Summer Ready-to-Wear маусымында ол жеті бірдей көрсетілімге қатысты. Louis Vuitton, Dries Van Noten, Dior, Sacai, Officine Générale және Y-3-тен бөлек, Әлжан Флоренциядағы Pitti Uomo халықаралық ерлер сәні көрмесі аясында өткен Simone Rocha көрсетіліміне де шықты.

Әлжан Жандарбеков | Loewe күз-қыс 2026 көрсетілімі | Spotlight

12 фотоның / 1 фотосы Әлжан Жандарбеков | Loewe күз-қыс 2026 көрсетілімі | Spotlight

Маусым қорытындысы бойынша Әлжан беделді Models.com платформасының Top Shows рейтингіне енді. Бұл тізімнен Нью-Йорк, Лондон, Милан және Париждегі сән апталықтарының негізгі көрсетілімдеріне ең көп қатысқан модельдерді көруге болады.

Әли Данияров (Қазақстан)

Агенттігі: Silence Model

Әлидің дебюті 18 жасында 2025 жылғы көктем-жазғы Милан ерлер сән апталығында өтті. Silence Model Men агенттігінің өкілі үшін мансаптың басталуы өте сәтті болды: ол бірден Fendi және Prada көрсетілімдеріне қатысты. Одан кейін оның қоржыны Loewe, Dolce & Gabbana, Sacai және Dries Van Noten шоуларымен толықты. Бұл маусымда Әли Данияров Dries Van Noten, Sacai, Pronounce және Études подиумдарына шығып, халықаралық сахнадағы орнын одан әрі бекіте түсті.

Әли Данияров | Sacai күз-қыс 2026/2027 көрсетілімі | Spotlight

9 фотоның / 1 фотосы Әли Данияров | Sacai күз-қыс 2026/2027 көрсетілімі | Spotlight

Эрик Ильин (Қазақстан)

Агенттігі: Dazzle и IMG Models

Dazzle және IMG Models агенттіктерінің атынан шығатын Эрик Ильин әлемдік подиумдағы алғашқы қадамын 2025 жылы Миландағы Versace көрсетілімінде жасады. Одан кейін ол Louis Vuitton, Ralph Lauren және Issey Miyake шоуларына қатысты. Сондай-ақ ол брендтің жаңа креативті директоры Демна Гвасалияның жетекшілігімен түсірілген Gucci жарнамалық науқанына түсті.

Эрик Ильин | Gucci
IMAGE Эрик Ильин | Gucci

Бұл маусымда Эрик жеті көрсетілімге қатысты. Amiri көрсетілімін ашып беруі және Корсикадағы маусымның ең көп талқыланған Jacquemus шоуына қатысуы оның басты жетістіктерінің бірі болды. Кейінірек Эрик La Watch Party жобасының негізін қалаушы, беделді BoF 500 тізіміндегі фэшн-блогер Лиасқа сұхбат беріп, бұл көрсетілім оның мансабындағы ең ұзақ әрі ең күрделі шоу болғанын жеткізді. Оның сөзінше, күннің қатты ыстығынан ол терге малшынғаны сонша, үстіндегі жейдесін шешіп, суын сығып алуға болатын еді.

Эрик Ильин | Jacquemus көктем-жаз 2027 көрсетілімі | Spotlight
Эрик Ильин | Jacquemus көктем-жаз 2027 көрсетілімі | Spotlight
Эрик Ильин | Jacquemus көктем-жаз 2027 көрсетілімі | Spotlight
Эрик Ильин | Jacquemus көктем-жаз 2027 көрсетілімі | Spotlight
4 фотоның / 1 фотосы Эрик Ильин | Jacquemus көктем-жаз 2027 көрсетілімі | Spotlight

Данияр Берд (Қазақстан)

Агенттігі: Bacca Models

Данияр Берд үшін бұл маусым сәтті халықаралық дебютке айналды. Ол алғаш рет Saint Laurent және Dior сияқты екі ірі сән үйінің подиумына шықты, сондай-ақ Wooyoungmi көрсетілімін ашып берді. Шоуды ашу – модель үшін ең мәртебелі рөлдердің бірі саналады: топтаманың жалпы көңіл күйін дәл осы бірінші шыққан модель қалыптастырады. Сондықтан мұндай шешім бренд пен кастинг тобының үлкен сенімін білдіреді. Алғашқы маусым үшін бұл өте маңызды жетістік.

Данияр Берд | Saint Laurent көктем-жаз 2027 көрсетілімі | Spotlight
Данияр Берд | Saint Laurent көктем-жаз 2027 көрсетілімі | Spotlight
Данияр Берд | Saint Laurent көктем-жаз 2027 көрсетілімі | Spotlight
3 фотоның / 1 фотосы Данияр Берд | Saint Laurent көктем-жаз 2027 көрсетілімі | Spotlight

Мерей Мүтәліпов (Қазақстан)

Агенттігі: Name Management

Мерей үшін де бұл маусым халықаралық дебют болды. Ол Париж сән апталығында жұрт асыға күтетін Celine және Rick Owens брендтерінің көрсетіліміне қатысты. Халықаралық мансапты бірден осындай ірі есімдерден бастау – индустриядағы жетекші ойыншылардың жоғары қызығушылығын көрсететін мықты қадам.

Мерей Мүтәліпов | Celine көктем-жаз 2027 көрсетілімі | Spotlight
Мерей Мүтәліпов | Celine көктем-жаз 2027 көрсетілімі | Spotlight
2 фотоның / 1 фотосы Мерей Мүтәліпов | Celine көктем-жаз 2027 көрсетілімі | Spotlight

Темірхан Зұлқаров (Қырғызстан)

Агенттігі: Silence Model

Темірхан Зұлқаров Париж сән апталығындағы дебютін Egonlab көрсетіліміне қатысу арқылы жасады. Ол Париж сән апталығының подиумына шыққан Қырғызстанның алғашқы моделі атанды. Бұл оның жеке мансабы үшін ғана емес, елдің модельдік индустриясы үшін де өте маңызды белес.

Темірхан Зұлқаров | Egonlab көктем-жаз 2027 көрсетілімі | Spotlight
IMAGE Темірхан Зұлқаров | Egonlab көктем-жаз 2027 көрсетілімі | Spotlight