Париждегі 2027 жылғы көктем-жаз ерлер сән апталығы аясында жаңа креативті директор Джонатан Андерсонның жетекшілігімен Dior көрсетілімі өтті. Топтама еркін әрі аздап эклектикалық рухта шықты: жыртық джинсылар, жартылай мөлдір пиджактар, еркін байланған галстуктер мен сән үйінің танымал элементтері көпқабатты образдарда тамаша үйлесім тапты. Көрсетілімге қатысушылар қатарында бірден екі қазақстандық модель – Әлжан Жандарбеков пен Данияр Берд болды.

Әлжан Жандарбеков үшін бұл Dior шоуына осымен екінші рет қатысуы: қазақстандық модель былтыр да осы француз брендінің подиумына шыққан болатын. Әлжан Silence Models агенттігінің атынан шығады. Оның халықаралық дебюті биыл ғана Париждегі 2026/2027 күз-қыс маусымының ерлер сән апталығында өткеніне қарамастан, ол әлемнің жетекші брендтерімен жұмыс істеп үлгерді. Оның портфолиосында Dries Van Noten, Loewe, Bottega Veneta және Louis Vuitton көрсетілімдері бар.


Bacca Models Kazakhstan агенттігінің өкілі Данияр Берд үшін Dior шоуына қатысу – осы сән үйінің көрсетіліміндегі алғашқы қадамы. Модель халықаралық fashion-сахнадағы мансабын енді ғана бастап келеді: жақында ол Saint Laurent подиумына алғаш рет шыққан еді.

