Privacy Policy

Құпиялылық, жеке деректерді жинау және өңдеу саясаты 

1. Жалпы ережелер 
Бұл Құпиялылық, жеке деректерді жинау және өңдеу саясаты (бұдан әрі — Саясат) — сайттың иесі (бұдан әрі — Сайт/Қызмет) — «Tatler Kazakhstan» ЖШС (бұдан әрі — Оператор) мен «Tatler Kazakhstan» ЖШС қызметтерін қолданушылар арасында жасалған жария шарт. 

Саясат Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 мамырдағы № 94-V «Жеке деректер және оларды қорғау туралы» Заңы (бұдан әрі — Заң) мен Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 21 қазандағы № 395/НҚ бұйрығымен бекітілген жеке деректерді жинау, өңдеу қағидаларына сәйкес әзірленді және Оператор Сайтты, оның мобильдік нұсқасын, сондай-ақ басқа да қызмет көрсету тәсілдерін қолдану барысында Оператордың қызметтерін қолданушылар туралы алатын барлық ақпаратқа қолданылады. 

Саясат Оператор қандай жеке деректерді жинайтынына, оны қандай мақсатпен жинайтынына және қолданушылардың осындай жеке деректерге қатысты құқықтарына түсініктеме береді. 

Егер сіз Сайтты немесе Оператордың басқа да қызметтерін қолдансаңыз, сіз бұл Саясатпен танысқаныңызды және оны қабылдағаныңызды растайсыз. Егер сіз бұл Саясатпен келіспесеңіз, Сайтты қолдануды тоқтатуыңыз және Оператордың қызметтерінен бас тартуыңыз қажет. 

Сайтты немесе Оператордың басқа да қызметтерін қолдана отырып, сіз осы Саясатқа және жеке деректеріңізді Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өңдеуге, жинауға және трансшекаралық деңгейде беруге келісім бергеніңізді растайсыз. 

2. Жеке деректер (ақпарат) 

Оператор ерікті түрде берілген деректерді (мысалы, сауалнамаларды, нысандарды толтырғанда, хат алмасу, жазылу және басқа да тәсілдерді қолдану барысында көрсетілген телефон нөмірі немесе электрондық пошта мекенжайы,) жинайды, деректер автоматты түрде (мысалы, Сайтты қолданған қолданушылардың IP мекенжайлары) немесе үшінші тұлғалар тарабынан алынуы мүмкін. 

3. Оператор үшінші тұлғалар тарабынан алатын ақпарат 

Қолданушы аккаунтын әлеуметтік желілер немесе мессенджерлер арқылы тіркеген жағдайда, Оператор қолданушы сол аккаунт аясында көрсеткен аты-жөні, қолданушының ID нөмірі, телефон нөмірі, электрондық пошта мекенжайы және профиль суреттері сияқты деректерге қол жеткізе алады. 

4. Қолданушының құрылғысы мен орналасқан жері туралы ақпарат 

Оператор қолданушының құрылғысынан келесі деректерді жинайды: құрылғының түрі мен моделі, операциялық жүйесі, параметрлері, IP мекенжайы, тіл параметрлері, уақыт белдеуі, интернет қызметтері провайдері, ұялы байланыс операторы, құрылғы/жабдық идентификаторы және Facebook идентификаторы. 

5. Оператор автоматты түрде жинайтын ақпарат

Операторға не Сайтқа сілтейтін қосымшалар немесе URL мекенжайлары туралы деректер, атап айтқанда қолданушыны Сайтқа апаратын қосымшалар не басқа сайттар туралы ақпарат. 

6. Қолдану туралы ақпарат

Оператор қолданушының Сайтпен өзара әрекеттесу тәртібін және тәсілін, мысалы, Сайт интерфейсінің белгілі бір аймақтарына басу/клик жасау тәртібін, интервалын, заңдылықтарын, оны қолдану ұзақтығы мен жиілігін, сондай-ақ қолданушы өзара әрекеттесетін функциялар мен контентті жазып алуы мүмкін. 

7. Жарнама туралы ақпарат 

Оператор Сайтты мобильді құрылғы арқылы қолданған кезде Apple немесе Google жарнамалық идентификаторларын (IDFA, AAID) (қолданушы құрылғысының операциялық жүйесіне байланысты) жазып алуы мүмкін. Бұл идентификаторды қолданушы өз бетімен қолданушы құрылғысының ОЖ параметрлері арқылы қалпына келтіре алады. 

Оператордың Сайты Сайтты қолданушылар үшін тиімді, қауіпсіз әрі ыңғайлы ету үшін cookie файлдарын қолданады. 

«Cookie» — қолданушының браузеріне жіберілетін және оның құрылғысында сақталатын, мәтіндік файл. 

Cookie файлдары зиянды не вирус жұқтыратын файлдар емес. 

Мұндай файлдар қолданушыны Сайтқа кіру не қайта кіру кезінде «есте сақтау», сондай-ақ қолданушының іздеу параметрлерін сақтау, Сайтқа тіркелуді жеделдету және мақсатты жарнама көрсету үшін қолданылады. 

Сайтты қолдану туралы ақпарат cookie файлына сақталады және қолданушының Сайтқа қайта кіруі кезінде оны тану үшін алынып, Сайтты қолданушының қажеті мен ыңғайына қарай бейімдейді. 

Қолданушы браузер параметрлерінде cookie файлдарын қолдануды шектеуге немесе оған тыйым салуға құқылы. Сонымен қатар Оператор қолданушы Сайттан шыққаннан кейін автоматты түрде жойылатын, сеанстық cookie файлдарын қолданады. 

8. Оператордың жеке деректерді өңдеу мақсаттары 

Деректерді жинау қолданушының Сайтқа үздіксіз қол жеткізуін мүмкін етіп, Сайттың қателіктері мен ақауларын жедел жоюға ықпал етеді. 

Жеке деректерді өңдеу техникалық қолдау сұранымдарына жедел жауап беру мақсатында жүзеге асырылады. 

Сонымен қатар Оператор қолданушыға Сайттың жұмысы, қауіпсіздік, төлем операциялары, Сайтты қолдану шарттарының жаңартылуы немесе осы Саясат туралы хабарлама немесе электрондық хат жіберуі мүмкін. 

Деректерді жинау Операторға контентті әр қолданушыға арнап бейімдеуге, бизнес-процестерді жақсы түсінуге, Оператордың қызметін талдауға, қолдауға, жетілдіруге, жаңартуға, жоспарлауға, Сайтты, сондай-ақ жаңа өнімдер мен маркетинг науқандарын әзірлеуге көмектеседі. 

Оператор қолданушының электрондық пошта мекенжайын маркетингтік тізімге қосып, оған Сайттың өнімдері туралы ақпарат жіберуі мүмкін. Қолданушы жазылымнан бас тартуға құқылы. 

Оператор қолданушының жеке деректерін жарнаманың сипатын және оның әлеуметтік желілерде, соның ішінде Facebook-те көрсетілу уақытын бейімдеу үшін қолдануға құқылы. Оператордың қызметтерінің жарнамасы қолданушының әлеуметтік желілерінде пайда болуы мүмкін. 

Жеке деректер Оператор мен қолданушы, сондай-ақ үшінші тұлғалар арасындағы шарттық міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету, сондай-ақ алаяқтықтың алдын алу, оны анықтау және онымен күресу үшін қолданылады. Сондықтан Оператор қолданушының ақпаратын және/немесе деректерін сот органдарына және құқық қорғау органдарына, сондай-ақ мемлекеттік органдардың заңды сұранымы бойынша беруге құқылы. 

9. Қолданушының жеке деректерге қатысты құқықтары 

Қолданушының құқықтары: 

Қолданушы жеке деректерді жинау және өңдеу фактісін, оның мақсатын, дереккөздерін, тәсілдерін, жеке деректер тізімін, өңдеу және сақтау мерзімдерін растау, сондай-ақ жеке деректерді жою немесе бұғаттау жөнінде office@tatlerasia.kz электрондық пошта мекенжайына хат жіберіп, сұрау салуға құқылы. 

Қолданушы барлық немесе кейбір жеке деректерді қолдануды тоқтатуды немесе шектеу жөнінде office@tatlerasia.kz электрондық пошта мекенжайына хат жіберіп, сұрау салуға құқылы. 

10. Құпиялылық саясатын түзету 

Оператор бұл Саясатты өзгертуге құқылы. Құпиялылық саясатына өзгеріс енгізілген кезде Оператор қолданушыларды Сайт арқылы хабардар етеді. Өзгерістер күшке енгеннен кейін қолданушы Сайтқа немесе Оператордың басқа да қызметтеріне қол жеткізе отырып, жаңартылған құпиялылық саясатын сақтауға келіседі. 

11. Деректерді сақтау

Деректерді сақтау осы Құпиялылық саясатында көзделген мақсаттарға жету үшін жүзеге асырылады. Сақтау мерзімі қолданушының Сайтта аккаунты болған кезеңді қамтиды, бірақ онымен шектелмейді. Оператор жеке деректерді заңды міндеттемелерді орындау, дауларды шешу және Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау үшін қажет болғанша сақтауға және қолдануға құқылы. 

Деректер Оператордың серверінде сақталады. 

Құпиялылық саясаты | Tatler Asia