Style|Fashion

Қазақстандық модель Әлжан Жандарбеков Dior көрсетілімінде бой көрсетті

Автор Tatler Kazakhstan
22.01.2026
Қазақстандық модель Әлжан Жандарбеков | Dior | Spotlight
IMAGE Қазақстандық модель Әлжан Жандарбеков | Dior | Spotlight
Қазақстандық жігіттер фэшн-әлемді бағындыруда

2026 жыл отандық модельдер үшін ерекше сәтті басталды. Әли Данияров Prada подиумына төртінші рет шықса, Қазақстанның қос өкілі – Эрик Ильин мен Әлжан Жандарбеков Фаррелл Уильямстың жетекшілігімен өткен Louis Vuitton шоуына қатысты. Бұған қоса, Эрик Ильин Gucci-дің жаңа науқанынан көрінді. Тағы бір маңызды оқиға – Әлжан Жандарбековтің Dior көрсетілімінде бой көрсетуі.

Dior-дың 2026/2027 жылғы жаңа күз-қыс топтамасында Джонатан Андерсон XVIII ғасырдағы француз сәнінің эстетикасына жүгінген. Бұл үрдіс фрактардан, сәнді жағалар мен меруерт-моншақпен көмкерілген эполеттерден анық байқалады. Сонымен қатар, топтамада XX ғасырдың алғашқы ширегіндегі сән әлемінің аңыз тұлғасы Поль Пуаренің шығармашылығына да көптеген сілтемелер бар.

Әлжан Жандарбеков подиумға Пуаренің шығыстық ою-өрнектерін еске түсіретін, джинсы шалбармен үйлестірілген туника киіп шықты. Бұл – қазақстандық модельдің халықаралық сахнадағы тек екінші көрсетілімі: бір күн бұрын ол Louis Vuitton шоуында өнер көрсеткен еді. Дебют үшін өте әсерлі нәтиже.

Париждегі ерлер сәні апталығы аясында өтіп жатқан 2026/2027 маусымының көрсетілімдері 25 қаңтарға дейін жалғасады. Демек, біздің жерлестерімізді әлемдік подиумдардан әлі талай көруге мүмкіндік бар.