Style|Fashion

Қазақстандық модель Әлжан Жандарбеков Louis Vuitton көрсетілімінде өнер көрсетті

АвторыTatler Kazakhstan
24.06.2026
Қазақстандық модель Әлжан Жандарбеков Louis Vuitton көрсетілімінде өнер көрсетті
Бұл қазақстандық модельдің француз сән үйінің подиумына осымен екінші рет шығуы

23 маусымда Парижде өткен 2027 жылғы көктем-жаз ерлер сән апталығы аясында Louis Vuitton көрсетілімі өтті. Брендтің жаңа топтамасын көпшілік назарына ұсынған модельдер қатарында қазақстандық Әлжан Жандарбеков те болды.

Әлжан Жандарбеков | Louis Vuitton 2027 көктем-жаз көрсетілімі | Spotlight
IMAGE Әлжан Жандарбеков | Louis Vuitton 2027 көктем-жаз көрсетілімі | Spotlight

Шоудың сет-дизайны жағажай эстетикасын паш етті: подиум кеңістігін қиып өткен 10 метрлік алып толқын декорацияның басты элементіне айналды. Модельдер сол толқынның астынан сүңгіп шыққандай әсер қалдырды, осы көрініске сүйсінген брендтің креативті директоры Фаррелл Уильямс оларды «сёрфингке құмар дендилер» деп атады. Әлжан подиумға LV монограммасы бар көк кепкамен және қызғылт рюкзакпен толықтырылған, питон терісіндей өрнектелген галстугі бар сұр жолақ костюммен шықты.

Louis Vuitton 2027 көктем-жаз көрсетілімі | Spotlight
IMAGE Louis Vuitton 2027 көктем-жаз көрсетілімі | Spotlight

Бұл Әлжанның аталмыш француз сән үйінің подиумында осымен екінші рет өнер көрсетуі. Ол Louis Vuitton көрсетіліміне алғаш рет 2026 жылдың қаңтарында қатысқан еді. Ол кезде шоуда онымен бірге тағы бір қазақстандық модель Эрик Ильин де бой көрсеткен болатын.

Louis Vuitton 2027 көктем-жаз көрсетілімі | Spotlight
IMAGE Louis Vuitton 2027 көктем-жаз көрсетілімі | Spotlight
Louis Vuitton 2027 көктем-жаз көрсетілімі | Spotlight
IMAGE Louis Vuitton 2027 көктем-жаз көрсетілімі | Spotlight

Әлжан Жандарбеков Silence Models агенттігінің атынан шығады. Оның халықаралық дебюті биыл ғана Париждегі 2026/2027 күз-қыс маусымының ерлер сән апталығында өткеніне қарамастан, ол әлемнің бірқатар жетекші брендтерімен жұмыс істеп үлгерді. Қазіргі таңда оның портфолиосында Dior, Dries Van Noten, Loewe, Bottega Veneta және Sacai көрсетілімдері бар.

Әлжан Жандарбеков | Louis Vuitton 2027 көктем-жаз көрсетілімі | Spotlight
IMAGE Әлжан Жандарбеков | Louis Vuitton 2027 көктем-жаз көрсетілімі | Spotlight

Жақында қазақстандық модель Флоренциядағы Pitti Uomo көрмесі аясында өткен ирландиялық Simone Rocha брендінің алғашқы жеке ерлер көрсетілімінде де бақ сынасты.