Gen.T|Leadership

Tatler Қазақстан тарихында тұңғыш рет Gen.T Leaders of Tomorrow форумын өткізді

АвторыTatler Kazakhstan
26.06.2026
Фотосуретші: Сұлтан Арчаков
IMAGE Фотосуретші: Сұлтан Арчаков
Tatler Kazakhstan журналы Freedom Telecom бас серіктесінің қолдауымен Алматы төрінде Gen.T Leaders of Tomorrow форумын тұңғыш рет өткізді. Бұл – жай ғана іс-шара емес, азиялық амбиция мен отандық интеллектінің тоғысқан нүктесі. Орталық Азия экологиялық зерттеулер институтының (ОАЭЗИ) қабырғаларында өткен бұл шараның ауқымы мен энергиясы ерекше болды. Бұл форумның қалай өткенін егжей-тегжейлі баяндап берейік (спойлер: ауқымы шынымен таңғаларлық!)

Gen.T-дің Қазақстандағы алғашқы 10 лауреаты

Жиын көптен күткен сәт – Gen.T Leaders of Tomorrow тізіміне енген 10 лауреаттың есімін жариялаумен басталды. Бұл – қазірдің өзінде өз елінің және түрлі салалардың болашағына ықпал етіп жүрген жаңа буын кәсіпкерлерін, инноваторларды, ғалымдар мен көшбасшыларды біріктіретін Tatler Asia-ның жаһандық бастамасы. Gen.T – бұл жай ғана тізім емес, бұл болашақтың бейнесі. Tatler өз алаңында еліміздің экономикасы мен мәдениетін алға сүйрейтін алғашқы 10 көшбасшыны салтанатты түрде жариялады:

Сонымен қатар, форум аясында Tatler журналының маусым-шілде айына арналған жаңа нөмірі көпшілікке таныстырылды. Журналдың мұқабасын мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоровтың суреті көмкерді.

Бірегей локация

Gen.T Leaders of Tomorrow форумы Алматыдағы Орталық Азия экологиялық зерттеулер институтының (ОАЭЗИ) аумағында өтті. Бұл – қаланың архитектуралық тынысын ашқан, білім мен ғылым тоғысқан бірегей орталық. Tatler мұнда ірі іс-шара өткізген алғашқылардың бірі болды. Бұл жерде форум өткізу таптырмас шешім еді: институттың заманауи архитектурасы, ашық кеңістігі және ғылыми бағыты форумның рухымен тамаша үндесті.

Фотосуретші: Сұлтан Арчаков
IMAGE Фотосуретші: Сұлтан Арчаков

ОАЭЗИ Алматының экологиялық мәселелерін зерттегендіктен бұл алаң шараның жай ғана өтетін орны емес, оның мән-мағынасының бір бөлігіне айналды. Gen.T болашақ жайлы сөз қозғаса, форумның өзі сол болашақты ғылым, технология және қоршаған ортаға деген жауапкершілік арқылы жобалап жатқан орында өтті.

Қонақтар

Қазақстан тарихындағы тұңғыш Gen.T форумына 500-ден астам қонақ жиналды. Олар – бизнес, креативті индустрия, технология саласының өкілдері, инвесторлар және өңірдегі жаңа іскерлік әрі қоғамдық күн тәртібін қалыптастырып жатқан жас көшбасшылар. Спикерлер мен тыңдаушылар ретінде олар панельдік пікірталастарға, воркшоптар мен нетворкинг-сессияларға қатысты. Қатысушылар қатарында Gen.T лауреаттарынан бөлек, ОАЭЗИ мен Ш. Уәлиханов атындағы мектептің негізін қалаушы, «Сәби» қорының президенті Әсел Тасмағамбетова, «Қазгипромұнайтранс» CEO-сы Александра Бекишева, Kazakh Tourism басқарма төрағасының орынбасары Едіге Әділханов, Freedom SuperApp CEO-сы Вячеслав Ким, Choco Holding тең құрылтайшысы және CEO-сы, Freedom Кино және ТВ бас продюсері Әлішер Өтев, Freedom AI Labs CEO-сы Рамиль Мухоряпов, Qaz.AI төрағасының орынбасары Анар Төлеубаева, G&G Group CEO-сы әрі Lancaster Group директорлар кеңесінің мүшесі Гаухар Қаппарова, CITIX CEO-сы Гоцца Олигова, Freedom Cloud CEO-сы Темірлан Зиналабдин және басқа да көптеген тұлғалар болды..

Әсел Тасмағамбетова | Фотосуретші: Сұлтан Арчаков
Александра Бекишева | Фотосуретші: Сұлтан Арчаков
Едіге Әділханов | Фотосуретші: Сұлтан Арчаков
Вячеслав Ким | Фотосуретші: Сұлтан Арчаков
Рамиль Мухоряпов | Фотосуретші: Сұлтан Арчаков
Анар Түлеубаева | Фотосуретші: Сұлтан Арчаков
Гаухар Қаппарова | Фотосуретші: Сұлтан Арчаков
Рашид Дүсембаев| Фотосуретші: Сұлтан Арчаков
Әлішер Утев | Фотосуретші: Сұлтан Арчаков
Айжан Деркаченко | Фотосуретші: Сұлтан Арчаков
10 фотоның / 1 фотосы Әсел Тасмағамбетова | Фотосуретші: Сұлтан Арчаков

Болашаққа бағытталған диалог

Gen.T – бұл ең алдымен елдің және тұтас өңірдің ертеңін қалыптастыратын адамдардың сол болашақ қандай болатыны туралы диалогы. Форум аясында қатысушылар бизнес пен қоғамның келешегіне қатысты негізгі тақырыптарды талқылады: отбасылық бизнесті дамыту және ұрпақтар сабақтастығы, Орталық Азияның болашақтағы перспективалары мен жаңа аймақтық бірегейлікті іздеу, сондай-ақ қазақстандық кәсіпкердің мәдени коды. Атап айтсақ, «Family Business 2.0: әртүрлі ұрпақтарды басқару эволюциясы», «Орталық Азия – 2035: жаңа бірегейлікті іздеу жолында», «Қазақстандық кәсіпкердің мәдени коды», «Адам әлеуетінің болашағы: жасанды интеллект дәуіріндегі адамның рөлі қандай?», «Зейін экономикасы: XXI ғасырдың жаңа валютасы», «The New Luxury: болашақтағы люкс әлемі қандай болмақ?» сияқты панельдік пікірталастар өтті.

Фотосуретші: Сұлтан Арчаков
IMAGE Фотосуретші: Сұлтан Арчаков

Сондай-ақ Freedom Telecom Operations бас директорының коммерция және маркетинг жөніндегі орынбасары Рашид Дүйсембаевтың қатысуымен «Болашақ байланысы: шекарасыз әлем – ережесіз бизнес? Бәрі өзара байланысты болған кезде ойын ережесін кім қояды?» атты пікірталас өтті. Онда жасанды интеллект, цифрлық экожүйелер және толассыз өсіп жатқан мүмкіндіктер әлемінде байланыс жай ғана технология емес, жаңа буын көшбасшыларының пайда болуына, бизнестің өркендеуіне және тұтас қалалардың дамуына негіз болатыны жайлы сөз қозғалды.

Фотосуретші: Сұлтан Арчаков
IMAGE Фотосуретші: Сұлтан Арчаков
Фотосуретші: Виктор Магдеев
IMAGE Фотосуретші: Виктор Магдеев

Назар орталығында

Gen.T Leaders of Tomorrow форумының маңызды бөлігіне ресми серіктестердің бренд-аймақтары айналды. Бұл компаниялардың өнімдері мен сервистері іс-шара бағдарламасының негізгі тақырыптарын: технология, мобильділік, инвестиция, цифрлық досуг, қалалық орта және жаңа өмір сапасын толықтай ашып көрсетті.

Форумның ресми серіктесі ретінде Garmin таныстырылды – бұл қозғалыс, жеке тиімділік және өз мүмкіндіктерімен саналы жұмыс істеу баяғыда-ақ брендтің ДНҚ-сына айналған компания. Адам әлеуеті, тәртіп, спорт пен көшбасшылық туралы көп айтылған Gen.T аясында Garmin-нің болуы технологиялардың адамға өзін, өз мақсаттары мен ішкі ресурсын жақсырақ түсінуге қалай көмектесетіні туралы әңгіменің қисынды жалғасы болды.

Фотосуретші: Виктор Магдеев
IMAGE Фотосуретші: Виктор Магдеев

Hyundai брендінің Қазақстандағы ресми дистрибьюторы Hyundai Auto Kazakhstan да іс-шараның ресми серіктесі болды. Бұл – бүгінде дизайн, технологиялар және жайлылық саласында жаңа стандарттарды белгілеп отырған әлемдегі ең жылдам дамып келе жатқан автомобиль брендтерінің бірі. Жаңа буын көшбасшыларына арналған шара үшін бұл өте дәл табылған үйлесім болды: өйткені заманауи мобильділік бүгінде жай ғана көлік емес, ол адамның қалай қозғалатыны, жұмыс істейтіні, бағыт сызатыны және ортамен, соның ішінде бизнеспен қалай өзара әрекеттесетіні жайлы түсінік.

Фотосуретші: Виктор Магдеев
IMAGE Фотосуретші: Виктор Магдеев

Форумның тағы бір ресми серіктесі Freedom Кино және ТВ – зейін экономикасы қалай жұмыс істейтінінің физикалық дәлелі. Күнделікті мыңдаған фильмдер мен сериалдарды тарататын, әлемдік деңгейдегі спорттық трансляцияларды көрсететін сервис Gen.T алаңында панельдік сессиялардың тікелей трансляциясына жауапты болды.

Фотосуретші: Сұлтан Арчаков
IMAGE Фотосуретші: Сұлтан Арчаков
Фотосуретші: Сұлтан Арчаков
IMAGE Фотосуретші: Сұлтан Арчаков

Форумның ресми серіктесі әрі Қазақстандағы жетекші биржалық брокерлердің бірі Freedom Broker алаңда интерактивті ЖИ-фотобудкасын ұсынды. Оның көмегімен қонақтар шара рухында жекелендірілген суреттерге түсіп, Gen.T Leaders of Tomorrow цифрлық естелігін ала алды.

Фотосуретші: Виктор Магдеев
IMAGE Фотосуретші: Виктор Магдеев

Өзінің смартбордтар желісі арқылы қалалық кеңістікті цифрландырып жатқан қазақстандық технологиялық компания CITIX те форумның ресми серіктесі болды. CITIX бренд-аймағы форумның негізгі тақырыптарының бірін жалғастырды: технологиялар бүгінде бизнес-процестерді ғана емес, қалалық ортаның өзін де өзгертіп, адамдар, компаниялар және қала арасындағы қарым-қатынасты әлдеқайда ыңғайлы, тиімді әрі заманауи етуде.

Фотосуретші: Виктор Магдеев
IMAGE Фотосуретші: Виктор Магдеев

Форум атмосферасы

Іскерлік бөлімнен кейін Gen.T Leaders of Tomorrow еркін форматқа ауысты. Кештің музыкалық бөлімін UMAY тобы ашып, афтепати ELEVATION фестивалінің диджей-сетімен шарықтау шегіне жетті. Ал кештің гастрономиялық «жұлдызы» – Дуа Липаның сүйікті рецепті бойынша дайындалған UMAMI балмұздағы (ваниль, зәйтүн майы мен тұз) қонақтардың таңдайын тандырды.

Бұл кеш бизнес пен креативтіліктің қалай бір кеңістікте тоғыса алатынын және жаңа буын көшбасшыларының қалай өмір сүретінін дәлелдеді.

Фотосуретші: Виктор Магдеев
Фотосуретші: Виктор Магдеев
Фотосуретші: Виктор Магдеев
Фотосуретші: Сұлтан Арчаков
Фотосуретші: Сұлтан Арчаков
Фотосуретші: Сұлтан Арчаков
Фотосуретші: Сұлтан Арчаков
Фотосуретші: Сұлтан Арчаков
Фотосуретші: Виктор Магдеев
Фотосуретші: Виктор Магдеев
Фотосуретші: Сұлтан Арчаков
Фотосуретші: Сұлтан Арчаков
Фотосуретші: Сұлтан Арчаков
Фотосуретші: Виктор Магдеев
Фотосуретші: Сұлтан Арчаков
15 фотоның / 1 фотосы Фотосуретші: Виктор Магдеев