Gen.T|Leadership

Қазақстандағы Gen.T Leaders of Tomorrow жобасының алғашқы лауреаттары белгілі болды

АвторыTatler Kazakhstan
25.06.2026
Фотосуретші: Данил Ярощук
IMAGE Фотосуретші: Данил Ярощук
Tatler Kazakhstan редакциясы алғаш рет Gen.T Leaders of Tomorrow жобасының 10 қазақстандық лауреатын таныстырды. Бұл – Азияның болашағын қалыптастырып жатқан жас көшбасшылардың басын қосатын халықаралық платформа

Қазақстан 2026 жылы Gen.T жобасына алғаш рет қосылып, кәсіпкерлер, ғалымдар, спортшылар, мәдениет қайраткерлері мен жаңашыл мамандардан құралған жалпыазиялық қауымдастықтың бір бөлшегіне айналды. Жоба қатысушылары тек кәсіби жетістіктеріне қарап қана таңдалмайды. Олардың оң өзгерістер әкелу, жаңа жобалар бастау және қоғамның дамуына ықпал ету қабілеті де басты назарға алынады. Көпкезеңді іріктеуден өткен барлық үміткерлерді Tatler Asia редакциялық тобы бекітеді.

Жоба қатысушылары тек кәсіби жетістіктеріне қарап қана таңдалмайды. Олардың оң өзгерістер әкелу, жаңа жобалар бастау және қоғамның дамуына ықпал ету қабілеті де басты назарға алынады. Бұл ретте үміткердің лауазымы немесе қаншалықты танымал екені маңызды емес – соңғы 18 ай ішіндегі нақты әрі маңызды жетістіктері басты критерий саналады. Ал көпкезеңді іріктеуден өткен барлық үміткерлерді Tatler Asia редакциялық тобы бекітеді.

Қазақстандық Gen.T Leaders of Tomorrow жобасының алғашқы тізіміне түрлі саланың он өкілі енді:

  • Михаил Шайдоров – мәнерлеп сырғанаушы;
  • Бауыржан Шәдібеков – Visa Fashion Week Almaty–Tashkent және NDA Empowered by Visa жобаларының бас директоры (CEO);
  • Дастан Мұхамедрахым – travel-блогер;
  • Михаил Коваль – PR-маман, The Insider коммуникациялық агенттігінің негізін қалаушы;
  • Анар Бурашева – альпинист және скайраннер;
  • Әлима Қайрат – «Целинный» заманауи мәдениет орталығының көркемдік жетекшісі;
  • Yenlik – музыкант;
  • Владислав Слудский – куратор және арт-кеңесші;
  • Алина Гуторева – философия докторы, ҚБТУ жасанды интеллект зертханасының меңгерушісі;
  • Игорь Цай – Salem Entertainment бас директоры.
Михаил Шайдоров | Фотосуретші: Данил Ярощук
Бауыржан Шәдібеков | Фотосуретші: Ayana Ali
Дастан Мұхамедрахым | Tatler мұрағатынан
Михаил Коваль | Фотосуретші: Данил Ярощук
Анар Бурашева | Фотосуретші: Данил Ярощук
Әлима Қайрат | Фотосуретші: Данил Ярощук
Yenlik | Tatler мұрағатынан
Владислав Слудский | Tatler мұрағатынан
Алина Гуторева | Фотосуретші: Данил Ярощук
Игорь Цай | Фотосуретші: Данил Ярощук
10 фотоның / 1 фотосы Михаил Шайдоров | Фотосуретші: Данил Ярощук

Қазақстан үшін бұл – жоба аясының жай ғана кеңеюі емес. Бұл – Орталық Азияда жаңа буынның қалыптасқанына нақты дәлел. Ықпалы ел шекарасынан әлдеқашан асып түскен бұл буынның қатарында кәсіпкерлер, спортшылар, ғалымдар, өнер адамдары мен көреген көшбасшылар бар.