
Михаил Коваль
PR маманы

Әлемдік брендтерді жаңа тілде сөйлеткен кәсіпкер
Михаил Коваль – The Insider коммуникациялық және PR-агенттігінің негізін қалаушысы әрі Қазақстандағы люкс және бьюти-коммуникация саласының ең танымал мамандарының бірі. Михаил өз командасымен бірге әлемдік брендтерді жергілікті тұтынушыға жақындатып, ішкі нарықтың сұлулық пен өмір салты саласындағы жаһандық үрдістерге ат салысуға жол ашып келеді. The Insider жобаларының арқасында халықаралық брендтер Орталық Азия мен Әзірбайжанда өз орындарын нығайтып, жаңа коллаборацияларға жол ашуда. Сондай-ақ, Михаил брендтер мен медиа өкілдерін, сарапшылар мен креаторларды бір арнаға тоғыстыра отырып, жаңа идеялар мен жобалар өмірге келетін креативті орта қалыптастыруда. Нағыз пиар-маман ретінде оның өзі БАҚ беттерінде жиі көріне бермегенімен, индустрияның ішкі келбетін дәл осындай адамдар жасайтыны сөзсіз. Сондықтан оның еңбегі құр сәтті жарнама науқандарымен емес, ең алдымен өзі құрған кәсіби байланыстармен және нарыққа әкелген жаңа мүмкіндіктерімен өлшенеді.