
Әлима Қайрат
«Целинный» заманауи мәдениет орталығының көркемдік жетекшісі

Жергілікті өнерге жаһандық кеңістік сыйлаған өнертанушы
Әлима Қайрат – «Целинный» заманауи мәдениет орталығының өнертанушысы әрі көркемдік жетекшісі. Ол Орталық Азиядағы ең өршіл мәдени мекемелердің бірін қалыптастырып отыр. Бүгінгі «Целинный» – жай ғана көрме алаңы емес, зерттеу, білім беру және халықаралық ынтымақтастық орталығы. Ол әлемнің түкпір-түкпірінен келген суретшілер мен кураторлар бас қосатын маңызды орынға айналып келеді. Әлиманың еңбегінің арқасында қазақстандық заманауи өнер туралы әңгіме ел шеңберінен шығып, халықаралық мәдени диалогының ажырамас бөлігіне айналды. Оның үлесі жекелеген жобалар немесе көрмелермен ғана шектелмейді — Әлима ондаған жылдар бойы жемісті жұмыс істейтін, болашақ суретшілер, зерттеушілер мен мәдениет көшбасшыларына жол ашатын іргелі институцияны қалыптастыруда.