
Дастан Мұхамедрахым
Travel-блогер

Әлемдік туристік картаны өзгертіп жүрген инфлюенсер
Дастан Мұхамедрахым Қазақстанды үйреншікті туристік кітапшалардан мүлдем бөлек, жаңа қырынан бүкіл әлемге танытып жүр. Кезінде қазақ тілі пәнінің мұғалімі болған, ал бүгінде еліміздегі ең танымал трэвел-креаторлардың бірі саналатын ол Қазақстанның адам аяғы жете бермейтін шалғай аймақтарын зерттейді. Оның видеолары миллиондаған аудиторияны жинап, еліміздің табиғаты мен мәдениетін, ұлттық болмысын мүлдем басқа қырынан ашады. 2026 жылы Дастан WIBA Awards нұсқасы бойынша әлемнің ең үздік трэвел-блогері атанып, мұндай жоғары халықаралық марапатқа ие болған тұңғыш қазақстандық болды. Өз жобалары арқылы Дастан әлем назарын Қазақстанға аудартып, ішкі туризмге деген қызығушылықты арттырып қана қоймай, әлем жұртшылығы алдында еліміздің заманауи бейнесін қалыптастырып келеді. Қолына камера ұстаған бір ғана адам тұтас бір елдің жаршысына айналып, миллиондаған жанға шабыт сыйлай ала ма? Дастанның оқиғасы мұның әбден мүмкін екенін дәлелдеп отыр.