Yenlik

Yenlik

Музыкант

Yenlik

Жаңа буынның жарқын дауысына айналған әртіс

Yenlik – қазақстандық музыканың жаңа буынындағы ең танымал әрі дара дауыстардың бірі. Заманауи R&B, поп жанрлары мен авторлық әуендерді ана тілімізбен үйлестіре отырып, ол Орталық Азияның бүгінгі мәдениеті жайлы түсінікті мүлдем жаңа деңгейге көтерді. Әншінің әлемдегі ең беделді музыкалық алаңдардың бірі – COLORSxSTUDIOS-та өнер көрсетуі оның шығармашылығындағы маңызды белес болды. Yenlik – бұл платформада бақ сынаған тұңғыш қазақстандық әртіс. Бұл табыстың ерекшелігі сол, әнші халықаралық деңгейге төл болмысынан бас тарту арқылы емес, керісінше, ұлттық ерекшелігін барынша айшықтау арқылы жетті. Yenlik қазақ тілін жаһандық поп-мәдениеттің ажырамас бөлігіне айналдырып отырған жаңа толқынның жарқын өкілі. Ол жергілікті тыныс-тіршілік пен тарихтың ешқандай ымырасыз, жаттанды икемдеусіз-ақ әлемге түсінікті әрі жақын бола алатынын өз өнерімен дәлелдеп келеді.