Ащы тәжірибемнен түйгенім – мен қандай да бір тізімдерді жасағанды ұнатпаймын. Біреулер оны «талғамға талас жоқ» дер (бұл да рас), енді біреулер «неге мені қоспады» деп ренжіп жатады. Бірақ Tatler Asia ережесі бойынша, біз мұны жылына бір рет жасауға міндеттіміз. Шынымды айтсам, бұл тізім – жарқын әрі қызықты жандардың басын бір нөмірге қосуға деген талпыныс қана. Біз тәуекелге бел буып, ең лайықтыларын іріктедік. Ал бұл таңдауымызға көңілі толмайтындарға – жалынды сәлем!
Кейіпкерлерді таңдағанда, мен «ең стильді әрі сәнді» деген тар шеңберден шыққым келді. Адам мен киімнің арасындағы қарым-қатынас әлдеқайда күрделірек. Бұл жерде тұлғаның өзі, оның ұстанымдары, сұлулық пен сұрықсыздықты сезінуі маңызды рөл атқарады. Бұл – оның көркемдік үні, үнемі өзгеріп отыру қабілеті, тіпті сол заманның тынысын (Zeitgeist) сезінуі.
Киім – адамның өзімен-өзі немесе қоғаммен сырласуы. Кейіпкер жай ғана қызықты киіне ме, әлде киім арқылы ізденіс жасай ма? Меніңше, соңғысы әлдеқайда маңызды. Қуанышыма орай, біздің The Most Stylish кейіпкерлеріміз – дәл сондай жандар. Олар «баршаға ортақ», бір-бірінен аумайтын бірсарынды ағыннан алыс. Оларды қызықты ететін де – дәл осы ерекшелігі.
Tatler Asia’s Most Stylish 2025 (Қазақстан) тізіміне енген тұлғалар:
Чихун Джонг
Диляра Кожасбаева
Меруерт Абдир
Алмаз Мержакыпов
Диана Тлеулиева
Сауле Рахмедова
Мика Барни
Айгуль Куандыкова
