Қазақстанның сән әлеміндегі ең ықпалды тұлға әрі Sauvage Group басшысы Лилия Рах – Tatler Asia's Most Stylish тізімінен өз орынын алды
Лилия Рах 90-жылдары Қазақстанға Dior, Prada, Yves Saint Laurent, Valentino, Gianfranco Ferré сияқты әлемдік брендтерді алғаш әкелген тұлға. Ол басқаратын Sauvage Group бүгінде аймақтағы люкс саудасының ірі өкілдерінің біріне айналды. 2024 жылы ол Бірінші арнадағы жаңартылған «Модный приговор» жобасында жүргізуші әрі төреші ретінде тұсауын кесіп, бұл рөлді атқарған алғашқы әйел атанды. Ол сондай-ақ Business of Fashion анықтаған сән индустриясының ең ықпалды 500 адамының қатарына енген. Tatler Asia's Most Stylish тізімінің алғашқы қатысушысы атанған Лилия Рах сұлулық пен стильдің өз өмірі мен философиясының бір бөлігіне қалай айналғаны туралы сыр шертті:

«Сұлулық – бұл әлемдегі өте маңызды ұғым. Ол жанды емдеп, қуаныш сыйлайды, шабыттандырады. Ол бізді жеңіске жетелеп, батылдыққа бастайды. Әрине, ол бостандық береді. Ал бостандық – мен үшін өмірдің дәл өзі. Анам маған бала кезімнен сұлулықта өмір сүру – тұтас бір философия, өмір сүрудің өзіндік бір формасы екенін үйретіп өтті. Мен киімде де сұлулықты бағалаймын, бұл – менің киім арқылы әлемге айтар сөзім. Maison Margiela-ның әлгі, кілемге ұқсайтын көйлегін киіп, BоF марапаттау рәсіміне шыққаным әлі есімде. Құдайым-ау, бұл неткен керемет сәт еді! Мен оны біреуге бірдеңені дәлелдеу үшін немесе біреуді таңғалдыру үшін киген жоқпын. Мен жай ғана сұлу болғым келді».

