Style|Fashion

Әсем Беделова: «Шынайы тартымдылық – тазалық пен ашықтықта»

Автор Анара Кукиева
13.11.2025
Méssa костюмы; Prada аяқ киімі; Miu Miu көзілдірігі | Фотосуретші: Мария Slozhnomarya
IMAGE Méssa костюмы; Prada аяқ киімі; Miu Miu көзілдірігі | Фотосуретші: Мария Slozhnomarya

Messa брендінің негізін қалаушы және Tatler Asia's Most Stylish журналының Қазақстандағы алғашқы тізімінің қатысушысы – көз алдайтын жылтыры жоқ минимализм, ішкі еркіндік және «тым асыра» болмаудың сыры туралы

Әсем Беделова – Messa брендінің негізін қалаушы. Нөлдік жылдардағы үрдіске сай UIB-де «халықаралық қатынастар» мамандығын оқығанымен, сән әлеміне деген құштарлығы жеңіп шықты. Алматылықтарға бейтаныс азиялық брендтер дүкенін ашудан басталған бұл құштарлық, кейіннен оның Messa атты сәтті брендінің негізін қалауына жол ашты. Ал 2025 жылы брендтің төңірегінде қалыптасқан қауымдастықты бас қосатын Messa House атты жаңа кеңістігі мен кафесі ашылды. Біз Әсеммен оның «шынайы болу» философиясы туралы сыр шертістік.

Пальто, қолғап және көзілдірік – Prada; көйлек – Méssa | Фотосуретші: Мария Slozhnomarya
IMAGE Пальто, қолғап және көзілдірік – Prada; көйлек – Méssa | Фотосуретші: Мария Slozhnomarya
Пальто, қолғап және көзілдірік – Prada; көйлек – Méssa | Фотосуретші: Мария Slozhnomarya
IMAGE Пальто, қолғап және көзілдірік – Prada; көйлек – Méssa | Фотосуретші: Мария Slozhnomarya

«Маған «стайлинг» дегеннің классикалық ұғымы жат. Мен образға танамоншақ, орамал, сырға қосатындардың қатарында емеспін. Маған артық әшекейсіз, қабат-қабат киімсіз, біртұтас образ жақын. Мүмкін, бұл менің табиғи болмысыма байланысты шығар – мен бояуды мүлде дерлік қолданбаймын, ал үстіме қосқан кез келген артық зат мені өз-өзімнен алыстатады. Мен өзімді тым жасанды (overdressed) сезінемін. Менің түсінігімде, шынайы тартымдылық – тазалықта. Сән-салтанатты көйлек киіп тұрсаң да, әшекейсіз, макияжсыз – өзің болып қала алуыңда. Заттардың тасасына жасырынуға тырыспау. Меніңше, қазіргі әлемде макияж бен әшекейлер көбіне қорғаныс, яғни сауыт қызметін атқарады. Ал маған ашықтық әлдеқайда жақын. Мен «тым артық» болғым келмейді. Бұл менің ішкі қорқынышым – тым жарқырап, тым ашық-шашық, тым тартымды көріну. Маған қараған адам менің біреуге ұқсауға тырыспайтынымды, жай ғана өзім екенімді сезінсе болғаны».

Méssa костюмы; Prada аяқ киімі; Miu Miu көзілдірігі | Фотосуретші: Мария Slozhnomarya
IMAGE Méssa костюмы; Prada аяқ киімі; Miu Miu көзілдірігі | Фотосуретші: Мария Slozhnomarya