Style|Fashion

Tatler Ball 2025: қызыл кілемдегі көздің жауын алған ғажайып образдар

Автор Лилия Шабутдинова
12.12.2025
Ботагөз Көшенова Richard Quinn көйлегінде, Jean-Paul Gaultier кутюр топтамасынан алынған кейп және Chanel сөмкесі | Фотосуретші: Сұлтан Арчаков
IMAGE Ботагөз Көшенова Richard Quinn көйлегінде, Jean-Paul Gaultier кутюр топтамасынан алынған кейп және Chanel сөмкесі | Фотосуретші: Сұлтан Арчаков
Кеш қонақтары black tie дресс-кодын сан түрлі қырынан құбылтып, винтажды гламурдан бастап зияткерлік минимализмге дейінгі небір ғажап үлгілерін паш еткені соншалық, редакциямызға best dressed тізімін жасау оңайға соқпады. Назарларыңызға кештің ажарын ашып, балдың тұсаукесерін нағыз салтанатқа айналдырған ең үздік образдар топтамасын ұсынамыз

Asia’s Most Stylish

Бұл кеште Tatler Asia’s Most Stylish тізіміндегі кейіпкерлеріміздің қандай образ таңдайтынын тағатсыздана күткен үмітіміз ақталды – олардың талғамы бізді расымен тәнті етті.

Alexander McQueen-нің винтажды көйлегін киген Лилия Рах аталмыш дизайнердің аяқкиімдері қалайша табысты инвестицияға айналғаны және бүгінде қандай брендтерге назар аудару керектігі жайлы әңгімеледі:

«Маккуиннің қайғылы қазасынан кейін мен Леди Гаганың подиумда киіп шыққан туфлиін сатып алдым да, кейін оны қомақты қаржыға саттым», – деп бөлісті ол (ред. ескертпесі: біздегі ақпарат бойынша – 67 мың фунт стерлингке).

Сондай-ақ, Лилия Tatler оқырмандарына дәл қазір қай дизайнерлердің туындыларына қаражат салған жөн екенін де айтып өтті:

«Бұл сөзсіз The Row және Thom Browne сән үйлерінің теңдессіз дүниелері (masterpieces), сондай-ақ Giambattista Valli кутюр топтамалары болуы шарт. Бұл заттарды коллекцияға жинауды дәл қазірден бастау қажет».

Сахнамыздың примасы Сәуле Рахмедова классикалық Intellectual Black Tie рухындағы Le Smoking Saint Laurent смокингін таңдап, дресс-кодты асқан шеберлікпен ойнатты. Образды Patrick Hellmann манишкасы және Swarovski алқасы әрлей түсті.

Лилия Рах винтажды McQueen көйлегінде | Фотосуретші: Slozhnomarya
IMAGE Лилия Рах винтажды McQueen көйлегінде | Фотосуретші: Slozhnomarya
Сәуле Рахмедова Saint Laurent смокингі мен Patrick манишкасында | Фотосуретші: Slozhnomarya
IMAGE Сәуле Рахмедова Saint Laurent смокингі мен Patrick манишкасында | Фотосуретші: Slozhnomarya
Диана Тлеулиева Balenciaga көйлегінде, қолында McQueen винтажды клатчы, әшекейлері – Loree Rodkin | Фотосуретші: Slozhnomarya
IMAGE Диана Тлеулиева Balenciaga көйлегінде, қолында McQueen винтажды клатчы, әшекейлері – Loree Rodkin | Фотосуретші: Slozhnomarya
Диляра Қожасбаева Aleksandre Akhalkatsishvili көйлегінде, Carrera y Carrera әшекейлерімен және Jimmy Choo клатчымен; жанында Дастан Сабыржанұлы | Фотосуретші: Slozhnomarya
IMAGE Диляра Қожасбаева Aleksandre Akhalkatsishvili көйлегінде, Carrera y Carrera әшекейлерімен және Jimmy Choo клатчымен; жанында Дастан Сабыржанұлы | Фотосуретші: Slozhnomarya
Әсем Беделова Loewe үлгісінде | Фотосуретші: Slozhnomarya
IMAGE Әсем Беделова Loewe үлгісінде | Фотосуретші: Slozhnomarya

Голливудтың «Алтын ғасыры»

Hollywood waves стиліндегі толқынды шаштар, отты қызыл далап, етегі жер сызған сәнді көйлектер, қауырсынмен көмкерілген жамылғылар, боа және гауһар тастардың жарқылы – кештің басты тренді сөзсіз Голливудтың «алтын ғасыры» болды.

Бота Көшенова балға британдық дизайнер Ричард Куиннің көйлегі мен Жан-Поль Готье кутюр топтамасынан кейп таңдады. Ол өзі үшін Марлен Дитрих пен Одри Хепберн әрдайым шабыт періштесі болып қала беретінін атап өтті.

Ал Александр Тереховтың туындысын таңдаған Олеся Белович, өзінің көпшілік алдына шығуына қандай саундтрек таңдайтыны туралы сұраққа Фрэнк Синатра деп жауап берді.

Ботагөз Көшенова Richard Quinn көйлегінде, кейп – Jean-Paul Gaultier, сөмкесі – Chanel  | Фотосуретші: Slozhnomarya
IMAGE Ботагөз Көшенова Richard Quinn көйлегінде, кейп – Jean-Paul Gaultier, сөмкесі – Chanel | Фотосуретші: Slozhnomarya
Мадина Сүлейменова Alexandre Vauthier көйлегінде, Carrera y Carrera және Bulgari әшекейлерімен, сөмкесі – Chanel | Фотосуретші: Сұлтан Арчаков
IMAGE Мадина Сүлейменова Alexandre Vauthier көйлегінде, Carrera y Carrera және Bulgari әшекейлерімен, сөмкесі – Chanel | Фотосуретші: Сұлтан Арчаков
Олеся Белович Sashaverse көйлегінде және Chanel әшекейлерімен | Фотосуретші: Slozhnomarya
IMAGE Олеся Белович Sashaverse көйлегінде және Chanel әшекейлерімен | Фотосуретші: Slozhnomarya
Мәншүк Карим Malli образында | Фотосуретші: Сұлтан Арчаков
IMAGE Мәншүк Карим Malli образында | Фотосуретші: Сұлтан Арчаков
Александра Бекишева Dior көйлегінде | Фотосуретші: Slozhnomarya
IMAGE Александра Бекишева Dior көйлегінде | Фотосуретші: Slozhnomarya
Евгения Линович Masterpiece көйлегін киіп келді | Фотосуретші: Николай Зверков
IMAGE Евгения Линович Masterpiece көйлегін киіп келді | Фотосуретші: Николай Зверков
Женя Тян Shikossa бюстьесінде, Ralph Lauren шалбары мен жакетінде, әшекейлері – Yves Saint Laurent  | Фотосуретші: Николай Зверков
IMAGE Женя Тян Shikossa бюстьесінде, Ralph Lauren шалбары мен жакетінде, әшекейлері – Yves Saint Laurent | Фотосуретші: Николай Зверков

Классикалық нәзіктік

Біздің сүйікті образдарымыздың қатарында минималистік, зияткерлік және ұстамды стильдегі киімдер де болды. Бұл образдар артық сөзсіз-ақ, мінсіз тігіс, жарасымды пішім және нишалық дизайнерлердің нәзік әшекейлері арқылы иесінің биік талғамы мен мәртебесін айшықтап тұрды.

Карина Сомерсет Roland Mouret көйлегінде | Фотосуретші: Николай Зверков
IMAGE Карина Сомерсет Roland Mouret көйлегінде | Фотосуретші: Николай Зверков
Ксения Шенцова Ralph Lauren көйлегінде, әшекейлері – Sophie Buhai | Фотосуретші: Slozhnomarya
IMAGE Ксения Шенцова Ralph Lauren көйлегінде, әшекейлері – Sophie Buhai | Фотосуретші: Slozhnomarya
Әйгерім Шәріпбек McQueen көйлегінде | Фотосуретші: Николай Зверков
IMAGE Әйгерім Шәріпбек McQueen көйлегінде | Фотосуретші: Николай Зверков
Наташа Құсайынова Sashaverse кеудешесінде, Jason Wu винтажды белдемшесінде, қолында винтажды Chanel сөмкесі, Tauba Auerbach for ArtCollab түйреуіші және Irakli Nassidz моно-сырғасы | Фотосуретші: Slozhnomarya
IMAGE Наташа Құсайынова Sashaverse кеудешесінде, Jason Wu винтажды белдемшесінде, қолында винтажды Chanel сөмкесі, Tauba Auerbach for ArtCollab түйреуіші және Irakli Nassidz моно-сырғасы | Фотосуретші: Slozhnomarya
Юлия Скрябина Magda Butrym көйлегінде | Фотосуретші: Slozhnomarya
IMAGE Юлия Скрябина Magda Butrym көйлегінде | Фотосуретші: Slozhnomarya