Қазақстан балетінің жұлдызы – стиль, өзін-өзі таныту және өмірдің дәмін сезіну туралы ой толғайды
Сәуле Рахмедова – қазақстандық прима-балерина. Кезінде Мәскеудегі Большой театрдан бастап АҚШ сахналарына дейінгі әлемдік деңгейдегі алаңдарды бағындырғанымен, оның жүрегі әрдайым Қазақстан деп соқты. Елге оралған соң да ол балет сахнасындағы жарқын жолын жалғастырды, ал бүгінде өзінің бар білгенін жас буын әртістеріне үйретіп жүр. Tatler Asia's Most Stylish журналының Қазақстандағы алғашқы тізіміне енген Сәуле Рахмедова киімнің оның ішкі әлемін қалай ашатыны туралы ой бөлісті:


«Сәннің ең шабыттандыратын тұсы – оның адам үшін жай ғана киім немесе тренд болудан қалып, әркімнің өзі туралы айтатын тіліне айналуы. Мен көп жылдарымды сахнада өткіздім және шығармашылық адамы ретінде өзімді және эмоцияларымды сол арқылы паш еттім. Киім таңдауға да, мүмкін, сол себепті, «әртістік» көзқараспен қарайтын шығармын. Мен қарапайым джинсы мен жейде киіп тұрсам да, көзге бірден түсетін жарқын детальдар мен акценттерді жақсы көремін. Ерекше әшекей, батыл аяқ киім немесе жарқын сөмке – образымда міндетті түрде осындай бір нәрсе болады. Бұл мен туралы сөзсіз-ақ айтып тұратын дүние. Мені «мен» етіп тұрған да – дәл сол. Меніңше, стиль киіммен ғана өлшенбейді. Бұл – өмірдің дәмін сезіну. Ал өмірдің дәмін сезіне білу – сұлулықты барлық нәрседен, тіпті қарсы алдыңдағы адамның өзінен де көре білуге үйретеді».

