Lifestyle|Entertainment

Кітап свопынан бастап эксперименталды кино фестиваліне дейін: 3-9 тамыз аралығында Алматы мен Астанада қайда баруға болады

АвторыTatler Kazakhstan
03.08.2026
Baq инстаграм-парақшасынан
IMAGE Baq инстаграм-парақшасынан
Қалалық жылыжайдағы кітап алмасу кеші, Өрмекші-адам туралы жаңа фильмнің тұсаукесері, Nomsiz эксперименталды кино фестивалі, «Қонақтар» көрмесінің жабылуы, «Айвазовский. Ожившие полотна» мультимедиялық көрмесі, M'Dee-дің үлкен жеке концерті және дрифт-шоудағы Скриптонит – осы аптада Алматы мен Астанада өтетін ең қызықты шаралар туралы баяндаймыз

Baq кеңістігіндегі кітап свопы

  • Қашан: 4 тамыз, 17:00-20:00
  • Қайда: Әл-Фараби даңғылы, 140а/2
  • Бағасы: кіру тегін

Baq қалалық жылыжайында кітап алмасу кеші өтеді. Мұнда оқырмандар өздері оқып біткен кітаптарымен бөлісіп, өздеріне жаңа хикаялар таба алады. Кеш қонақтары өзгелерге сыйлауға дайын кітаптарын әкеліп, ортақ жиынтықтан өзіне ұнаған туындыны таңдау мүмкіндігіне ие. Ал диджей ойнататын музыка адамдардың өзара емін-еркін араласып, жаңа кітаптарды талқылауына жайлы атмосфера сыйлайды.

«Өрмекші-адам: Жаңа күн» фильмінің тұсаукесері

  • Қашан: 6 тамыздан бастап
  • Қайда: Алматы кинотеатрлары
  • Бағасы: 1300 теңгеден бастап

Алматы кинотеатрларында Питер Паркер оқиғасының жаңа тарауы – «Өрмекші-адам: Жаңа күн» фильмінің тұсаукесері өтеді. Жұрттың бәрі өзін ұмытып кеткен соң, есейген бас кейіпкер бүкіл уақытын Нью-Йорктегі қылмыспен күресуге арнайды. Алайда жаңа қауіп-қатерлер мен күннен-күнге артқан жүктеме оның қабілеттерін күтпеген жерден өзгертіп, Өрмекші-адамның болашағына қауіп төндіруі мүмкін. Басты рөлдерде: Том Холланд, Зендея, Сэди Синк.

Кітап свопынан бастап эксперименталды кино фестиваліне дейін: 3-9 тамыз аралығында Алматы мен Астанада қайда баруға болады

«Айвазовский. Ожившие полотна» көрмесі

  • Қашан: 30 шілдеден бастап, күн сайын 11:00-21:00
  • Қайда: Lumiere-Hall Астана, Абай даңғылы, 8, 3 қабат
  • Бағасы: жұмыс күндері – ересектерге 4000 теңге, жеңілдікпен 3000 теңге (демалыс күндері – ересектерге 5000 теңге, жеңілдікпен 3500 теңге)

Астанадағы Lumiere-Hall кеңістігінде XIX ғасырдағы көрнекті орыс маринист-суретшісінің өмірі мен шығармашылығына арналған «Айвазовский. Ожившие полотна» атты мультимедиялық көрме өтіп жатыр. Экспозиция көрерменді қылқалам шеберінің ең негізгі туындыларымен таныстырып, оның көркемдік қолтаңбасының қалай қалыптасып, дамығанын бақылауға мүмкіндік береді.

Эксперименталды кино фестивалі

  • Қашан: 6-9 тамыз
  • Қайда: «Целинный» заманауи мәдениет орталығы, Масанчи көшесі, 59
  • Бағасы: 2500 теңгеден бастап

«Целинный» заманауи мәдениет орталығында Ташкенттен келген Nomsiz тәуелсіз және эксперименталды кино фестивалі өтеді. 2024 жылдан бері ұйымдастырылып келе жатқан бұл шара Орталық Азияның тәуелсіз киносын және шетелдік эксперименталды фильмдерді біріктіреді. Оған қоса ретроспективалар көрсетіліп, суретшілермен және режиссерлермен кездесулер өтеді. Бағдарлама аясында деректі, көркем және эксперименталды туындылар бар. Олардың қатарында Владимир Тюлькиннің фильмдері, гректердің Сирос аралы туралы поэтикалық кино-күнделік, 1970-1980 жылдардағы Өзбек КСР әуесқой кино мұрағаты, Орталық Азияның жаңа эксперименталды фильмдер топтамасы және Өзбекстанның видеоарт бағдарламасы бар.

Central Asia Drift Show финалындағы Скриптониттің концерті

  • Қашан: 8 тамыз
  • Қайда: ASP Arena, Қонаев қаласы, Оңтүстік-батыс жағалау көшесі, 167а/1
  • Бағасы: 7500 теңгеден бастап

Скриптонит Central Asia Drift Show жарысының соңғы төртінші кезеңінде хедлайнер болмақ. Чемпиондық атақ сарапқа салынатын шешуші жарыстар аяқталған соң, әртіс үлкен концертпен сахнаға шығып, автоспорт уикендінің нағыз шарықтау шегін сыйлайды. Жанкүйерлерді рэпердің ең танымал хиттері, авторлық аранжировкалары және энергияға толы жанды шоу күтіп тұр. Оған қоса, осы концерт билетімен Central Asia Drift Show финалына кіріп, №1-3 мінберлерге жайғаса аласыз.

«Қонақтар» көрмесінің жабылуы

  • Қашан: 8 тамыз, 13:00 бастап
  • Қайда: Almaty Museum of Arts, Әл-Фараби даңғылы, 28
  • Бағасы: музейге кіру билетімен

Almaty Museum of Arts кеңістігінде «Қонақтар» көрмесі жабылады. Бұл – музей қорынан арнайы шығарылып, қонақжайлылық, көші-қон, естеліктер мен Қазақстанның ортақ тарихына арналған алғашқы көрме. Бағдарлама аясында бірнеше іс-шара жоспарланған. Алдымен Aşyq Şeberhana: «Қонақтар» коллаждары» шеберлік сыныбы өтеді. Одан кейін Инга Лацемен, суретшілермен және олардың отбасыларымен бірге кураторлық экскурсиялар ұйымдастырылады. Сондай-ақ кеш соңында көрме атмосферасынан шабыт алған концерт болады. Бұл Қазақстан халқының түрлі буын өкілдері мен мәдени тәжірибелерін біріктіретін тарихпен танысудың соңғы мүмкіндігі.

M’Dee-дің жеке концерті

  • Қашан: 9 тамыз, 20:00
  • Қайда: «Шабыт» амфитеатры, Алматы қаласының Орталық мәдениет және демалыс саябағы
  • Бағасы: 14 000 теңгеден бастап
  • Жас шектеуі: 18+

Алматының Орталық мәдениет және демалыс саябағында заманауи қазақстандық сахнаның ең жарық жұлдыздарының бірі M’Dee жеке концертін береді. Осы жазда әртіс ашық аспан астында тыңдармандарын қайта жинап, оларға жанды музыка, шынайы эмоциялар мен көпшілік жақсы көретін ерекше атмосфера сыйламақ. Бағдарламада әртістің барлық альбомынан іріктелген әндер, соның ішінде сахнада сирек айтылатын туындылары да бар. Айта кетейік, Алматыдағы кештен кейін M’Dee 30 тамызда Астанада өнер көрсетеді.