Бұл марапат қызмет көрсету саласындағы ең мықты жобаларды анықтап, халықаралық аудиторияны жоғары деңгейдегі туризмнің басты бағыттарымен таныстырады. Биылғы шарада 100 үздік қонақүймен қатар, аймақтағы ең мықты 100 мейрамхана мен 100 бардың да тізімі көпшілік назарына ұсынылды.
Tenir Eco Hotel – Қазақстандағы ең биік ораналасқан қонақүй: ол Шымбұлақ тау шаңғысы кешенінің ең жоғарғы нүктесінде, теңіз деңгейінен 3200 метр биіктікте орналасқан. Ол Іле Алатауының табиғи бедерін ескере отырып салынған он жеке модульді нөмірден тұрады. Жобаның сәулетін қазақстандық Levelstudio бюросы жасаған.

Естеріңізге сала кетейік, осы қонақүй биыл Tatler Kazakhstan ұйымдастырған марапатта Best Innovation жүлдесін жеңіп алған еді. Енді ол Азия-Тынық мұхиты аймағының 100 үздік қонақүйінің қатарына қосылды — бұл қазақстандық жобаның халықаралық деңгейдегі кезекті үлкен жеңісі.
