Tenir Eco Hotel
Tenir Eco Hotel
Tatler Best Hotels

Tenir Eco Hotel

|

Алматы

Tenir Eco Hotel

3200 метр биіктіктегі он нөмір. Тау табиғатымен оңаша қалуға арналған мекен. Tenir Eco Hotel Шымбұлақтың ең биік нүктесінде, теңіз деңгейінен 3200 метр биіктікте бой көтерген. Бұл — Қазақстандағы ең биік таулы қонақүй. Онда жеке орналасқан он модульдік нөмір бар. Оларды қазақстандық Levelstudio бюросы арнайы жобалаған — Іле Алатауының қатаң табиғатына мейлінше үйлесімді болатындай етіп. Интерьердің басты көркі — алып панорамалық терезелер. Олардың артында қаладағы үйреншікті көрініс емес, асқақ тау шыңдары менмұндалайды. Әр бөлмеде жеке фин саунасы, шаңғы мен сноуборд сақтайтын арнайы орын бар. Қыс мезгілінде ski-in, ski-out форматы өте ыңғайлы. Бұл бөлмеден шыға сала бірден тау бөктеріне сырғанап түсуге мүмкіндік береді. Қонақүйге тек аспалы жолмен жетуге болады. Сондықтан қала қарбаласынан алшақтап, табиғатпен сырласу сезімі нөмірге кірмей тұрып-ақ басталады.

Фото


Tenir Eco Hotel
Tenir Eco Hotel
Tenir Eco Hotel

Марапаттар


2026

Best Innovation

Жалпы ақпарат


Бағасы

Жұмыс уақыты

Open 24 hours

Байланыс нөмірі

+7 (727) 313‒14‒15

Әлеуметтік желілер