Кейбір бағалы бұйымдарды жай әшекей деуге аузың бармайды. Олардың бойында тұтас дәуірдің тарихы жатыр. Ал шеберлердің мінсіз жұмысы үлкен өнер әлемін көрсетеді. Almaty Museum of Arts мұражайындағы кеште дәл осындай туындылар ұсынылды. Мұнда Bvlgari брендінің жоғары зергерлік өнері мен мұражай қорындағы заманауи көркемсурет туындылары бір-бірімен керемет үйлесім тапты.

Алматы екі түрлі өнердің басын қосқан мекенге айналды. Бұл шара үшін Римнен арнайы бірегей зергерлік жауһарлар әкелінді. Олардың заманауи өнер туындыларының жанында тұруы өте әсерлі көрінді. Bvlgari брендіне тән батылдық пен еркіндік қалыпты шеңберден шығуға ұмтылатын суретшілердің рухына өте жақын. Екеуі де болашақта құндылығын жоймайтын дүние жасауды көздейді.

Мұражайдың негізін қалаушы отбасының өкілі Мадина Смағұлова Bvlgari философиясы мен Almaty Museum of Arts көзқарасының ұқсастығы туралы айтып берді. Оның сөзінше, екі тарап та келер ұрпақ үшін құндылығын сақтайтын туындылар жасауға ұмтылады.
«Орталық Азиядағы тұңғыш жекеменшік мұражай саналатын Almaty Museum of Arts қабырғасында біз әлемдік және қазақстандық өнердің ең үздік туындыларын жинауға тырыстық. Бүгін біз философиясы өзімізге өте жақын аты аңызға айналған Bvlgari Үйінің құрметіне кеш өткізіп жатырмыз. Bvlgari кәдімгі өнер туындысы секілді тамсанып қарайтын бағалы бұйымдар жасайды. Біздің мұражай қорындағы жұмыстар да, осы жоғары зергерлік өнер топтамалары да өз тарихын келесі ұрпаққа жеткізу үшін ғасырларға арналып жасалған».

Sansi компаниясының бас директоры Гаухар Абыкаева бұл кештің мұражай үшін ерекше маңызын атап өтті. Ол мұндай форматтағы іс-шараны өткізу бай көркем мұрасы бар брендке ғана бұйыратын мәртебе екенін жеткізді.
«Мұражай тарихындағы алғашқы кешкі асты оның қабырғасында ұйымдастыру біз үшін үлкен абырой. Бұл тек Bvlgari сияқты беделді брендтің ғана қолынан келеді. Көпшілігіңіз сияқты брендтің нағыз табынушылары 1960 жылдардан бастап бүгінгі күнге дейін Bvlgari туындылары заманауи өнер жауһарлары ретінде танылғанын жақсы біледі».




Serpenti брендтің ең танымал символы және басты иконасы саналады. Жылан бейнесі түрленуді, қайта жаңғыруды және мәңгілік қозғалысты білдіреді. Ол міне сегізінші онжылдық қатарынан Bvlgari зергерлерін шабыттандырып келеді. Алматыда көпшілік назарына өте әсерлі туындылар ұсынылды. Қонақтар салмағы төрт караттан асатын сирек кездесетін изумруд тасы бар мүсіндік білезікті және Элизабет Тейлор паш еткен эстетикадағы аты аңызға айналған алқаларды тамашалады.


Өнеркәсіптік дизайндан алынған серіппеге ұқсайтын иілімді Tubogas металл конструкциясы да Bvlgari брендінің визит карточкасына айналды. Оның мәнерлілігі сызықтардың тазалығына, пластикасы мен архитектуралық дәлдігіне негізделген. Көп жағдайда Serpenti мен Tubogas бөлшектері бір бұйымда керемет үйлесім тауып жатады.


Көрмеде біздің заманымыздың I және II ғасырларына тиесілі түпнұсқа антикалық тиындары бар Monete әшекейлері ерекше орын алды. Бұл бұйымдарда өткен шақ бүгінгі күннің бір бөлшегіне айналады. Тарихи артефактілер ежелгі өркениеттер туралы естелікті сақтай отырып заманауи зергерлік дизайнда жаңа өмір табады. Жақында 140 жылдығын атап өткен Bvlgari бренді Римнің үш мыңжылдық тарихының мұрагерлерінің бірі саналатыны да тегін емес.


Divas’ Dream алқалары мен сырғалары кештің палитрасына Bvlgari брендінің қуанышқа толы жарқын түстерін қосты. Гауһар тастардың сәулесіне шағылысқан малахит, спессартин, сердолик, аметист және рубеллиттер ежелгі римдік Каракалла термаларының бағалы мозаикаларын еске түсірді. Олар әлемдегі Bvlgari өнерін бағалаушылардың көңілінен шыққан тастардың реңктері мен қырлануының күтпеген үйлесімін бейнелейді.


«Bvlgari үшін жоғары зергерлік өнер бағалы тастармен жұмыс істеумен ғана шектелмейді, бұл — шынайы шығармашылық көрініс»

Ол шеберлердің қолында көлемдер, түстер мен материалдар жаңа өмірге ие болып шағын жауһарларға айналатынын жеткізді. Бұл тәсіл үшін Bvlgari тіпті ағылшынның art (өнер) және craftsmanship (қолөнер шеберлігі) сөздерін біріктіріп artmanship деген өз терминін ойлап тапқан.

Кеш барысында Италия мен Қазақстан арасындағы мәдени елші, еліміздің ізгі ниет елшісі саналатын Мария Мудряктың орындауындағы итальяндық опера ариялары шырқалды. Верди, Ардити және Пуччинидің музыкасынан кейін қонақтарға миландық танымал диджей Жизель де Ассистің көңілді музыкалық топтамасы ұсынылды.

Бұл туындылардың тұсаукесері үшін Almaty Museum of Arts мұражайының таңдалуы өте заңды құбылыс. Өйткені биыл Bvlgari Үйі Венеция өнер биенналесінің эксклюзивті серіктесі атанды. Зергерлік бұйымдар мұражай жинағының аясында ұсынылып, қонақтарға әшекейлерді дербес көркемдік туынды ретінде бағалауға мүмкіндік берді.

