Style|Fashion

Рианна кіші қызын алғаш рет жұртшылыққа көрсетті

АвторыTatler Kazakhstan
09.04.2026
Рианна Нью-Йорктегі AWGE сән көрсетілімінде, 13 ақпан 2026 жыл | Фотосуретші: Гилберт Флорес | Getty Images
IMAGE Рианна Нью-Йорктегі AWGE сән көрсетілімінде, 13 ақпан 2026 жыл | Фотосуретші: Гилберт Флорес | Getty Images
Әнші Париждегі серуенге A$AP Rocky-мен және балаларымен бірге шықты

6 айлық бүлдіршін Роки Айриш көпшілік алдына Dior-дан киінген образда алғаш рет шықты. Page Six жариялаған суреттерден кішкентай арудың сұр түсті Dior көйлегін және Джон Гальяноның 2002 жылғы дизайнымен шыққан брендтің винтажды бас киімін кигенін көруге болады. Бұл модель бүлдіршін дүниеге келмей тұрып, шамамен 23 жыл бұрын шығарылған. Дегенмен, Рианна Dior-дың жаңа дизайнері Джонатан Андерсоннан бұл модельді арнайы қызы үшін қайта жасап беруді сұраған болуы да мүмкін.

Андерсон бұған дейін де әншінің балалары үшін арнайы тігілген киімдер дайындаған еді – мәселен, 2025 жылғы «Смурфиктер» киносының премьерасында олар Dior көрсетіліміндегі киімдердің шағын нұсқаларымен жұртты таңғалдырған болатын.

Рианнаның өзі Carhartt бас киімін және Prada-ның жолақты полосын киіп, Dior Dracula сөмкесін ұстап шықты. Ерлі-зайыптылар өздерімен бірге үлкен ұлы Ризаны алған, ал екінші баласы Райот серуенде көрінбеді.

Роки Айриштің бейнесі сән әлемінің назарын бірден аударды. Тағы бір кішкентай сәнқой өсіп келе жатқан сыңайлы. Өткен жылы Рианна мен A$AP Rocky-дің балалары 2025 жылғы сән рейтингінде ата-анасынан озып, әлемдегі ең стильді балалар деп танылған еді.

Рианна, Риза Ательстон Майерс және Райот Роуз Майерс | Getty Images
IMAGE Рианна, Риза Ательстон Майерс және Райот Роуз Майерс | Getty Images