Style|Fashion

Рианна мен A$AP Rocky-дің балалары 2025 жылғы сән рейтингінде ата-анасын басып озып, әлемдегі ең стильді тұлғалар атанды

Автор Tatler Kazakhstan
26.12.2025
Рианна, Риза Ательстон Майерс және Райот Роуз Майерс | Getty Images
IMAGE Рианна, Риза Ательстон Майерс және Райот Роуз Майерс | Getty Images
Dazed Digital басылымы жариялаған жылдың ең стильді адамдарының тізімінде көшбасшылықты күтпеген жерден сән әлемінде танымал отбасының ең кішкентай мүшелері иеленді. Рейтингтің бірінші сатысына 3 жасар Риза Ательстон Майерс пен 2 жасар Райот Роуз Майерс жайғасты

Олардың «Смурфиктер» фильмінің тұсаукесеріндегі образдары редакция құрамын қатты таңғалдырды. Балалар Джонатан Андерсонның дебюттік көрсетілімінен кейін небәрі бірнеше апта өткенде ұсынылған Dior брендінің арнайы тігілген киімдерімен көпшілік алдына шыққан болатын. Осы сәттің әсерлі болғаны соншалық, бүлдіршіндер өздерінің ата-аналарын ғана емес, сонымен қатар әлемдік деңгейдегі өзге де жұлдыздарды артқа тастап, тізімнің басына шықты.

Ал Рианна мен A$AP Rocky бұл рейтингте алтыншы орынға тұрақтады. Редакция атап өткендей, әнші аяғы ауыр кезінде талғампаз образдарымен жарқырап көрінсе, рэпер Chanel сән үйінің елшісі атанып, өзінің сән иконасы мәртебесін нығайта түсті.

Қазіргі таңда бұл отбасының тек бір мүшесі ғана тізімнен тыс қалды. 2025 жылдың қыркүйек айында Рианна мен A$AP Rocky-дің Роки Айриш Майерс есімді қызы дүниеге келген болатын.

Үздік 25 тұлғаның қатарына енгендердің арасында Тимоти Шаламе, Александер Скарсгард, Чарли XCX, Карди Би және Розалия сияқты танымал есімдер бар.