Style|Fashion

Love/Hate: Арман Смайыл ұнататын және жаны қаламайтын 10 дүние

Автор Сергей Калугин
31.01.2026
Арман Смайыл | Никита Колодин
IMAGE Арман Смайыл | Никита Колодин
Музыка ырғағы, күнделікті әдеттер мен ішкі үйлесім: танымал модель Арман Смайыл нені жанына серік етіп, неден қашқақтайды?

2026 жылдың қаңтары қазақстандық модель Арман Смайыл үшін үлкен белес болды. Ол Париж сән апталығында заманауи сән әлемінің ең авангардты брендтерінің бірі – Rick Owens көрсетілімінде дебют жасап, жұртты таңдай қақтырды. Небәрі 20 жасында әлемдік деңгейде мойындалып үлгерген Арман біздің дәстүрлі Love/Hate айдарында өзінің жеке талғамымен бөлісті.

Жаным сүйеді

  1. Музыка әлемі. Музыка – менің ішкі дүниемнің айнасы.
  2. Барабанда ойнау және jam sessions.
  3. Сапалы дыбыс. Дыбыс сапасы мен үшін өте маңызды.
  4. Жақындарымның амандығы. Мен үшін ең бастысы – ең жақындарымның жағдайы жақсы екеніне сенімді болу.
  5. Жаңа таныстықтар мен кездейсоқ кездесулер.
  6. Агенттік ұжымымен өткен жылы кештер.
  7. Ұзақ жолға шығу.
  8. Күнделікті ұсақ салт-жоралар. Үйден шығардағы сүйікті әуен, таңғы хош иісті кофе және үйреншікті бағыт – бұл менің күніме мағына беретін сәттер.
  9. Іске беріліп кету. Сүйікті ісіме берілетінім сондай – уақыттың қалай өткенін де сезбей қалатын сәттер болады.
  10. Түн, таңның атуы мен күннің батуы. Табиғаттың осы бір ауыспалы сәттерінде ерекше тыныштық пен сұлулық бар.
Love/Hate: Арман Смайыл ұнататын және жаны қаламайтын 10 дүние

Жаным қаламайды

  1. Ерте ояну. Күн шықпай жатып, ұйқыңды қиып тұру – мен үшін әлі де болса үлкен сын.
  2. Кептелісте тұру.
  3. Интернеттің нашарлығы.
  4. Кешігіп жүру.
  5. Ұзақ жазысу. Сөйлесуге қарағанда, хат жазысып отыру – уақытты босқа өткізу болып көрінеді.
  6. Заттарды жоғалту.
  7. Орынсыз талас-тартыстар. Ешқандай нәтиже бермейтін, құр босқа жүйке тоздыратын айтыстардан қашқақтаймын.
  8. Себепсіз негатив. Айналаңдағы адамдардың немесе жағдайдың еш негізсіз көңіл-күйді бұзуы жаныма жат.
  9. Ми қайнатар ыстық.
  10. Қақаған суық. Шектен тыс суық та маған мүлдем ұнамайды.

Love/Hate айдарының өзге де кейіпкерлері – модельдер Эрик Ильин мен Әли Данияровтың нені ұнатып, нені жақтырмайтынын оқи отырыңыздар.