Style|Fashion

Джонатан Андерсон Dior бұйымдарына деген сұранысты еселеді

АвторыTatler Kazakhstan
13.04.2026
Мюнхендегі Dior бутигі | Фотосуретші: Маттиас Балк | Getty Images
IMAGE Мюнхендегі Dior бутигі | Фотосуретші: Маттиас Балк | Getty Images
Сарапшылар люкс брендтер үшін 2026-жылдың бірінші тоқсанын қорытындылады

HSBC банкінің сарапшылары 2026-жылдың бірінші тоқсанына қатысты алдын ала қорытындысын жариялады. Олардың мәліметінше, геосаяси тұрақсыздыққа қарамастан, люкс тауарлар индустриясында біршама жандану байқалған: саладағы өсім 5,5-пайызға жетті (салыстыру үшін айтсақ, алдыңғы тоқсанда бұл көрсеткіш 5-пайыз болған). Дегенмен, мамандар жалпы жылдық болжамды 7-пайыздық деңгейден 5,9-пайызға дейін төмендетуді жөн көрген.

Таяу Шығыстағы қақтығыстар мен инвесторлардың алаңдаушылығы LVMH конгломератының акцияларын шамамен 28-пайызға құлдыратып жіберді. Бұл аз десеңіз, жалпы былғары бұйымдар сегменті небәрі 1-пайызға ғана өскен (ал Louis Vuitton тіпті 2-пайыздық құлдырау қаупінің алдында тұр). Дәл осындай қиын кезеңде Dior бренді ең жарқын нәтижемен көзге түсті. HSBC бағалауы бойынша, Dior табысы шамамен 6-пайызға артады деп күтілуде. Бұған басты түрткі болған нәрсе – дизайнның жаңаруы және қаңтар айынан бастап дүкен сөрелеріне шыққан жаңа өнімдер.

Сонымен қатар, нарық алыптарымен салыстырғанда Loro Piana сияқты нишалық ойыншылар өздерін әлдеқайда сенімді сезініп, табысын 12-пайызға арттырған. Kering компаниясында да жағдай тұрақталып келеді: 2023-жылдың ортасынан бері алғаш рет 1,5-пайыздық оң өсім күтілуде. Brunello Cucinelli болса, АҚШ пен Азия елдеріндегі сұраныстың арқасында 14-пайыздық табысқа кенелгенін мәлімдеді. Richemont тобы бұрынғысынша Cartier және Van Cleef & Arpels сияқты зергерлік үйлерге арқа сүйеп отыр, ал жалпы нарықтағы сөмкелер сегменті әзірге ең осал тұс болып қала бермек.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Dolce & Gabbana сән үйін Gucci-дің бұрынғы бас директоры басқаратын болды