Style|Fashion

90-шы жылдар рухы: A$AP Rocky мен Puma-ның жаңа біріккен жобасы

АвторыВиолетта Тельманова
13.11.2026
Puma
IMAGE Puma
Жобаның шығармашылық жетекшісі 90-шы жылдардағы хип-хоп пен скейтбординг мәдениетінен шабыт алып, танымал Suede ’94 үлгісіне жаңа өмір сыйлады

Танымал рэпер A$AP Rocky 90-шы жылдардағы көше мәдениетіне арналған жаңа топтамасын таныстырды. Бұл қатардың басты жаңалығы – көпшіліктің сүйіктісіне айналған Puma Suede ’94 аяқ киімінің жаңартылған нұсқасы.

Аяқ киімді әдейі тозғандай етіп жұмсақ теріден тіккен. Дизайнер оған шеті тігілмеген жұмсақ тілшік, резеңке табан және ерекше белгілер қосып, бауды қысып тұратын алтын түстес бөлшек тағыпты. Бұдан бөлек, топтамаға мұрағаттан алынған киімдер – 90-шы жылдардың жұлдыздары киген Puma No.1 белгісі бар футболка мен худи де енді. Айта кетерлігі, бұл киімдер сол кездегі матаның қалыңдығы мен пішінін айнытпай қайталайды.

Puma
IMAGE Puma
«Suede-тің дәл осы нұсқасы жаныма қатты жақын. Мұнда бастапқы түстер сол күйі сақталған, ал бауға тағылған алтын бөлшектер мен резеңке табанды менің жеке қолтаңбам деуге болады. Аяқ киім дүкеннен жаңа алғандай емес, әбден киіліп тозғандай көрінуі үшін, оның бетіндегі сырылған іздерді әдейі қалдырдым».

- A$AP Rocky -

Puma
Puma
Puma
3 фотоның / 1 фотосы Puma

Жарнама түсірілімі Берлинде өтті. Оны фотограф Spyder түсірсе, музыканттың өзі режиссерлік тізгінді қолға алған. Жаңа топтаманың шығуына орай A$AP Rocky Нью-Йорктің Челси ауданында 90-шы жылдардың стилінде үлкен би кешін өткізбек. Бұл шара Suede үлгісінің көше жастары арасында кең таралуына үлкен үлес қосқан мәдениеттерге арналады.

A$AP Rocky x Puma Suede ’94 топтамасы қазірдің өзінде фирмалық сайтта және таңдаулы дүкендерде сатылымға шықты.