Style|Fashion

2025 жылдың басты сән қорытындылары: биыл кімдер күлдірді, кімдер кейітті, ал кімдер бізді өзіне қайта ғашық етті?

Автор Лилия Шабутдинова
25.12.2025
Tatler
IMAGE Tatler
Биылғы жыл – жағажай шәркейлері салтанатты бұйымға, ойыншық мақұлықтар жаңа олжаға айналған, ал «жалаңаш» көйлектер қызыл кілемнен бірде кетіп, бірде қайта оралған ерекше кезең болды. Тіпті сән үйлерінің тізгінін ұстаған дизайнерлер де TikTok-тағы трендтерден жылдам ауысып жатты. Осының бәріне куә бола отырып, біз айналадағы дүниеге тым салмақты қараудан қалғандаймыз. Мұндайда Николай Николаевич Дроздовтың: «Достарым, келіңіздер, осы бір таңғажайып үдерісті сырттай ғана бақылайықшы», – деген сөзі еріксіз ойға оралады

Біз 2025 жылдың басты қорытындыларын жинақтадық. Бұл жерде баға беру емес, керісінше, көңілге қонған, ашуға тиген, күлкі сыйлаған немесе медиа әлемінде үлкен резонанс тудырған оқиғаларды қызығушылықпен хатқа түсіру мақсаты тұр.

Жыл аяқ киімі: The Row Dune шәркейлері мен Prada Antiqued Leather биік өкшелі туфлилері

Дженнифер Лоуренстің Канн кинофестивалінің қызыл кілеміне қарапайым резеңке шәркейлермен шыққанына екі жыл өтсе де, осы үлгіге деген қызығушылықтың жаңа толқыны биыл басталды. Бұл қозғалысқа The Row бренді құны 750 еуро тұратын модельді шығару арқылы дем берді. Осы тақырып төңірегінде желіде қаншама қызу айтыс болғанын айтып жеткізу мүмкін емес! Дегенмен, 2025 жылдың екінші тоқсанында бұл аяқ киім The Lyst рейтингінде ең сұранысқа ие өнім ретінде бірінші орынға шықты. People журналының нұсқасы бойынша «2025 жылдың ең тартымды еркегі» атанған Джонатан Бейли де Лоуренстің әдісін қайталап, «Юра дәуірінің әлемі» фильмінің лондондық тұсаукесеріне дәл осындай шәркейлермен келді.

Махершала Али, Скарлетт Йоханссон, Джонатан Бейли және Руперт Френд «Юра дәуірінің әлемі: Жаңғыру» фильмінің тұсаукесерінде | Getty Images
IMAGE Махершала Али, Скарлетт Йоханссон, Джонатан Бейли және Руперт Френд «Юра дәуірінің әлемі: Жаңғыру» фильмінің тұсаукесерінде | Getty Images
The Row Dune шәркейлері | Net-a-Porter ресми сайты
IMAGE The Row Dune шәркейлері | Net-a-Porter ресми сайты
The Row Dune шәркейлері | Net-a-Porter ресми сайты
IMAGE The Row Dune шәркейлері | Net-a-Porter ресми сайты

Жылдың тағы бір танымал жұбы – Prada FW 2025 көрсетіліміндегі биік өкшелі туфлилер. Әдейі көне етіп жасалған былғары, өңделмеген жиектер мен анық көрініп тұрған тігістер бұл аяқ киімді өнер туындысына айналдырды. Олардың кенеттен барлық жерде пайда болуы – сән әлеміндегі сирек кездесетін ортақ талғамның белгісі. Бәлкім, бұл туфлилердің құпиясы тек сыртқы келбетінде емес, олардың шынымен де ыңғайлылығында жатқан болар?

Prada Antiqued Leather биік өкшелі туфлилері | Prada ресми сайты
IMAGE Prada Antiqued Leather биік өкшелі туфлилері | Prada ресми сайты
Prada Antiqued Leather биік өкшелі туфлилері | Prada ресми сайты
IMAGE Prada Antiqued Leather биік өкшелі туфлилері | Prada ресми сайты

Жыл сөмкесі: Dior Book Tote

Ақырында бұл сөмке өз атауына толықтай сай болды. Dior-дың жаңа креативті директоры Джонатан Андерсон Book Tote үлгісін Джеймс Джойстың «Улисс» және Франсуаза Саганның «Қош бол, мұң» туындылары сияқты кітаптардың мұқабаларымен безендіріп, оны қайтадан көптің қалауына айналдырды. Бұл модельдер әлі сатылымға шықпаса да, «Дракула» мұқабасы бар жаңа сөмкесімен көшеде бой көрсеткен Рианнаға тек қызыға қарау ғана қалды.

Dior Book Tote сөмкелері | Dior ресми сайты
IMAGE Dior Book Tote сөмкелері | Dior ресми сайты
Dior Book Tote сөмкелері | Dior ресми сайты
IMAGE Dior Book Tote сөмкелері | Dior ресми сайты

Жыл оралуы: Celine Phantom және Chloé Paddington сөмкелері

Өткенге деген сағыныш пен Фиби Файло дизайнына деген толассыз махаббаттың әсерінен – оның әлі күнге дейін «Old Celine» үлгілерін аңдыған адал жанкүйерлері жетерлік – қос бренд 2010 және 2000-жылдардың ең танымал It-bags үлгілерін қайта жаңғыртуға шешім қабылдады. Chloé Paddington сол баяғы жұмсақ, еркін пошымы мен аңызға айналған аспалы құлпын сақтап қалса, Celine Phantom өзінің кең «қанаттарын» сақтай отырып, «күлкі» іспеттес сыдырмамен толықты.

Кендалл Дженнер Chloé Paddington сөмкесімен | Chloé ресми сайты
IMAGE Кендалл Дженнер Chloé Paddington сөмкесімен | Chloé ресми сайты
Celine Phantom сөмкесі | Celine ресми сайты
IMAGE Celine Phantom сөмкесі | Celine ресми сайты

Жылдың сән дерті: лабубу

Гонконгтық суретші Лун Касин жасаған плюш мақұлық нағыз вирустық құбылысқа айналды. Blackpink тобының мүшесі Лиса, Леди Гага, Рианна және Дуа Липа сөмкелеріне Лабубу алқаларын тағып жүрсе, «Эмми» қызыл кілемінде оның алып кейіпкер бейнесі көрінді. Ал жыл соңында «Паддингтон» мен «Вонка» фильмдерінің режиссері Пол Кинг Лабубу туралы толықметражды фильм түсіруге дайындалып жатқаны белгілі болды.

Getty Images
IMAGE Getty Images
Хейли Бибер | Getty Images
IMAGE Хейли Бибер | Getty Images

Жыл прическасы: The Row тарақтары мен J.Kim торлы шаш сәні

Олсен апалы-сіңлілері дәстүр бойынша өз көрсетілімін суретке түсіруге тыйым салды, сондықтан куәгерлер фотомен емес, алған әсерлерімен бөлісті. Шоудан кейін жұрттың бәрі Гвидо Палау жасаған, бірнеше тарақпен сәнделген талғампаз шаш үлгілерін талқылады. Бұл келер жылдың басты бьюти-тренді болары анық. Ал Алматыда өткен J.Kim көрсетілімінде Дмитрий Абрамович модельдер үшін жасаған «торлы шаш үлгісі» The Row тарақтарымен бәсекелесе алатындай ерекше болды.

The Row, 2026 жылғы көктем-жаз топтамасы
IMAGE The Row, 2026 жылғы көктем-жаз топтамасы
J.Kim көрсетілімі | Фотосуретші: Тима Балдин
IMAGE J.Kim көрсетілімі | Фотосуретші: Тима Балдин
J.Kim көрсетілімі | Фотосуретші: Тима Балдин
IMAGE J.Kim көрсетілімі | Фотосуретші: Тима Балдин

Жыл текетіресі: Dior vs Chanel

Биылғы жыл сән тарихында «музыкалық орындықтар ойыны» деген атпен қалды – күзде бірден 17 дизайнер жаңа қызметтерінде дебют жасады. Біз «жыл дизайнерін» таңдамаймыз, бірақ Dior мен Chanel арасындағы жасырын бәсекені атап өткен жөн. Бай тарихы бар екі алып бренд пен сән қауымдастығының сүйіктілері – Джонатан Андерсон мен Матье Блази өздерінің ғажайып дебюттерін ұсынды. Ұзақ мерзімді перспективада кімнің жеңіске жетері өте қызық.

Джонатан Андерсон | Getty Images
IMAGE Джонатан Андерсон | Getty Images
Матье Блази | Getty Images
IMAGE Матье Блази | Getty Images

Жылдың сән тұлғасы: A$AP Роки

Шыны керек, жылдың алғашқы жартысында біз Педро Паскаль мен оның стилисі Джули Раголияға тәнті болдық. Паскальдың Канн фестиваліне қара жейдемен шыққаны жүрегімізде мәңгі қалады. Дегенмен, биыл CFDA-дан Fashion Icon атағын алған, Ray-Ban креативті директоры болған және Chanel елшісі болып тағайындалған A$AP Rocky-дің орны бөлек. Тіпті Матье Блази ерлер желісін шығаруды ойластырып жүрген көрінеді.

Педро Паскаль | Getty Images
IMAGE Педро Паскаль | Getty Images
A$AP Роки | Getty Images
IMAGE A$AP Роки | Getty Images

Жылдың сән тұлғасы: Айо Эдебири

Жақында ғана біз көрсетілімдердің алдыңғы қатарынан жаңа есімді көргенімізге қуансақ, биыл «Аю» (The Bear) сериалының жұлдызы Айо Эдебири сән иконасы мәртебесіне нық орнықты. Оның стилі – ақылды, жанды әрі заманауи. Ол алпауыт брендтерді Нью-Йорктің Colleen Allen және Lii сияқты жас маркаларымен шебер үйлестіреді. Әсіресе оның Met Gala кешіндегі нигериялық Эдо халқының дәстүрлі киімінен шабыт алған, маржан моншақтарымен безендірілген Ferragamo образы есімізде қалды. Айоның келесі қадамы – үлкен сән үйінің елшісі болу еді. Көбі Prada-ны атаса, оны бірінші болып Chanel «баурап» алды.

Айо Эдебири | Getty Images
IMAGE Айо Эдебири | Getty Images
Айо Эдебири | Getty Images
IMAGE Айо Эдебири | Getty Images

Жылдың ең стильді жұбы: Гарри Стайлс пен Зои Кравиц

2025 жыл Гарри Стайлс пен Зои Кравицтің тек қарым-қатынасымен емес, мінсіз жұптық стилімен де назар аудартқан жыл болды. Екеуі де еркін «cool-бейне» эстетикасын терең сезінеді. Олардың әрбір бірлескен суреті – жеке даралықты сақтай отырып, қалай үйлесімді жұптық бейне жасаудың нағыз шеберлік сабағы.

2025 жылғы жанжалдар: Бьянка Цензоридің «Грэммидегі» образы және Сидни Суинидің «жақсы гендері»

Бьянка Цензоридің «Грэммидегі» ашық образы дәл биыл болғанына сену қиын. Осыдан кейін Канн кинофестивалі дресс-кодты қатайтып, «жалаңаш көйлектерге» тыйым салды, бірақ бұл трендті одан сайын қыздыра түскендей. Ал American Eagle жарнамасында Сидни Суинимен бірге «жақсы джинсы» және «жақсы гендер» деген сөздермен ойнап, интернетті дүр сілкіндірді.

Бьянка Цензори | Getty Images
IMAGE Бьянка Цензори | Getty Images
Сидни Суини | Getty Images
IMAGE Сидни Суини | Getty Images

Керісінше, 2025 жылдың ең сүйікті жарнамаларының бірі GAP-тың «Better in Denim» кампаниясы болды. Бұл жарнамадағы жарқын әрі әртүрлілікті дәріптейтін қыздар тобы American Eagle-дың даулы мәлімдемесінен кейін өте ұтымды көрінді.

Жылдың сән ықпалы: Айгүл Әміржанова

Айгүл Әміржанова «Стиль» аталымы бойынша Tatler Impact Awards сыйлығының жеңімпазы атанды. Биыл The Business of Fashion басылымы VILED Group бас директорын сән индустриясының дамуын айқындайтын BoF 500 тізіміне қосты. Executive санатына жыл сайын әлемдік ықпалы дәлелденген санаулы ғана басшылар енеді. 2025 жылы олардың саны жетеу ғана болса, солардың қатарында Dior, Ralph Lauren және Loewe топ-менеджерлерімен бірге біздің аймақтың өкілі алғаш рет бой көрсетті.

Айгүл Әміржанова Tatler Ball 2025 кешінде | Баспасөз қызметінің мұрағаты
IMAGE Айгүл Әміржанова Tatler Ball 2025 кешінде | Баспасөз қызметінің мұрағаты

Жыл коллаборациясы: Chanel және Charvet

«Chanel ешқашан коллаборация жасамайды», – дейтін үй президенті Бруно Павловски. Бірақ Матье Блази оны бұл жай ғана ынтымақтастық емес, нағыз шеберлермен жұмыс істеудің «Métiers d’Art» дәстүрінің жалғасы екеніне сендіре алды. Нәтижесінде коллекцияда француз ательесі тіккен, затбелгісінде «Tissu et technique par Charvet» («Charvet матасы мен техникасы») деген жазуы бар үш мінсіз жейде пайда болды. Бір кездері Коко Шанельдің өзі сүйіктісі Бой Кейпел үшін жейделерді дәл осы шеберханаға тапсырыс беріп тіктіретін.

2026 жылғы көктем-жаз көрсетілімі | Chanel ресми сайты
IMAGE 2026 жылғы көктем-жаз көрсетілімі | Chanel ресми сайты
2026 жылғы көктем-жаз көрсетілімі | Chanel ресми сайты
IMAGE 2026 жылғы көктем-жаз көрсетілімі | Chanel ресми сайты

Жыл тренді: ЖИ және анти-ЖИ

Жасанды интеллект (ЖИ) арқылы жасалған жарнамалық науқандар мен шынайы модельдердің аватарлары 2025 жылы ешкімді таңғалдырмайды. Жақында Zara қосымшасында өзіңіздің виртуалды егізіңізді жасап, оған киім өлшеп көру функциясы пайда болды. Сонымен қатар, люкс сегменті соңғы бекініс ретінде берілмей тұр: Hermès аттың арба орнына диван сүйреп бара жатқан ирониялық ролигін ұсынды. Бұл ЖИ жасаған дүниедей көрінгенімен, іс жүзінде бәрі ескі әдіспен, ешқандай цифрлық алмастырусыз түсірілген.