Парфюмді таңдағанда «ұнайды» немесе «ұнамайды» деп жүретін кезең артта қалды. Қазіргі қарбалас өмірде иіс тек киіміңізді толықтырып қана қоймай, сабырға келуге, ойды бір жерге шоғырландыруға немесе батыл қадамға баруға итермелейтін ішкі көмекшіңіз. Zielinski & Rozen парфюмерлері де дәл осыны ұсынып отыр: иісті сыртқы келбетіңізге емес, ішкі жан дүниеңіздің сол сәттегі қалауына қарай таңдаңыз. Иіс – сезіміңізді басқаратын, өзіңізді танудың және көңіл-күйіңізді қажетті арнаға бұрудың ең төте жолы.
Тыныштық пен сабырлық күйі
- Ақ шалфей мен нероли
Қарбалас күннен кейін адамға ешкім ештеңе талап етпейтін тыныштық ауадай қажет. Бұл иіс сізді жұрттың көзінен, өзгелердің күтуінен қорғайтын көрінбейтін қалқан секілді. Шалфейдің салқын, ащы иісі күнделікті күйбең тірлікті жуып-шайып жіберсе, неролидің нәзік иісі айналаңызды таңғы шуақпен толтырады. Өзіңізбен-өзіңіз оңаша қалып, жан дүниеңізді тынықтыру – бәрінен қымбат байлық, ал бұл иіс сол тыныштықты баянды етеді.

Ішкі тірек күйі
- Ветивер, Элеми, Пачули
Өзіңізді сүйе білуге үйрететін бұл иіс – ішкі компасыңыз іспетті. Қоршаған ортада дауыл болып жатса да, жер иісі бар ветивер сізді барынша тұрақты етіп, аяғыңызды жерге нық бастырады. Элеми шайыры қадам басуға дем берсе, пачулидің жылы нотасы шынайы құндылықтарға оралуға жол ашады. Бөтеннің пікіріне емес, өз жүрегіңізге құлақ түретін сәтте осы иіс сізге ішкі қуат беріп, өзіңізді өзіңіз құшақтағандай сезім сыйлайды.

Серпіліс күйі
- Шафран, Грейпфрут, Элеми, Табак
Күдіктенбей әрекет етер сәт туғанда, осы иіске жүгініңіз. Маңызды сөйлесу алдында немесе белгісіздікке аттанарда грейпфрут сізді серпілтіп, шафран мен дәмдеуіштер жігеріңізді жанып, от береді. Ал темекі жапырағының иісі – сіздің шешіміңіздің мызғымастығын көрсетеді. Бұл медитацияға емес, нақты іс-әрекетке бастайтын, адамды алға жетелейтін қуатты құрал.

