Кеше Миланда қысқы Олимпиада ойындары аясында шорт-тректен жарыстар басталып кетті. 16 ақпан күні ерлер арасында 500 метрлік қашықтыққа іріктеу кезеңдері өтіп, оның қорытындысы бойынша қазақстандық спортшылар Абзал Әжғалиев пен Денис Никиша жүлделі орындар үшін күресті жалғастыруға мүмкіндік алды. Бұл туралы Олимпиада комитетінің ресми сайтында хабарланды.
Әлем кубогы кезеңдері мен Азия ойындарындағы жеңістерімен танымал болған Абзал Әжғалиев өз тобында мәре сызығын бірінші болып кесіп, ширек финалдағы орнын сенімді түрде иеленді. Ал қоржынында әлем чемпионатының екі күміс жүлдесі мен Азия чемпионы атағы бар Денис Никиша үшінші орын алғандардың ішіндегі ең үздік нәтиже көрсетіп, жарыс жолын ары қарай жалғастыратын болды.
Қос спортшы үшін де Италияда өтіп жатқан бұл дода спорттық мансаптарындағы төртінші Олимпиада ойындары болып есептеледі.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: 19 жасар Илья Мизерных Олимпиада-2026 додасында тарихи нәтиже көрсетті
