Power & Purpose|Leadership

19 жасар Илья Мизерных Олимпиада-2026 додасында тарихи нәтиже көрсетті

АвторыTatler Kazakhstan
16.02.2026
Илья Мизерных | Фото: Алекс Пентлинг | Getty Images
IMAGE Илья Мизерных | Фото: Алекс Пентлинг | Getty Images
Қазақстандық шаңғышы сегізінші орынға табан тіреп, ел тарихындағы ең үздік көрсеткішті тіркеді

Олимпиада ойындарында трамплиннен секіру сайысында 19 жастағы Илья Мизерных сегізінші нәтижені иеленіп, қысқы Ойындардың осы бағдарламасы бойынша жаңа ұлттық жетістік орнатты.

Сайыстың финалдық кезеңінде Олимпиада дебютанты екі секірудің қорытындысы бойынша 281,6 ұпай жинап үлгерді. Бірінші мүмкіндігінде Мизерных 140,5 метрге (137,0 ұпай) қонып, екінші әрекетінде техникасын одан сайын жетілдіре түсіп, 138,5 метрге секіргені үшін 147,0 ұпай иеленді. Осы жиналған жалпы ұпай саны оған Қазақстан үшін рекордтық сегізінші сатыға көтерілуге мүмкіндік берді.

Тағы бір қазақстандық атлет Данил Васильев 235,9 ұпаймен 27-орынға тұрақтады. Алтын медальды Словения өкілі Домен Превц (301,8 ұпай) жеңіп алса, жапониялық Рэн Никайдо мен поляк Кацпер Томасяк кейінгі сатылардан көріне білді.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Шахматшы Бибисара Асаубаева экс-әлем чемпионы Александра Костенюктан басым түсті