Тоғызыншы кезеңде Бибісара украиналық Анна Музычукпен кездесті. Негізгі классикалық партия тең нәтижемен аяқталды. Одан кейін турнир ережесіне сай, жеңімпазды анықтау үшін өткен блиц-ойында (армагеддон) қара таспен ойнаған Музычук Асаубаевамен тағы да тең түсті.
Шахмат регламенті бойынша бұл нәтиже украиналық спортшыға қосымша ұпай сыйлағанымен, турнир кестесіндегі жалпы жағдайды өзгерте алмады.
Тоғыз турдан кейін көшбасшының қоржынында 16,5 ұпай бар. Ең жақын ізбасарлары – қытайлық Чжу Цзинэр он үш ұпаймен және Анна Музычук он екі ұпаймен турнир кестесінде айтарлықтай артта қалып қойды.
Айта кетейік, бұл – қазақстандық гроссмейстердің аталмыш турнирдегі алғашқы өнер көрсетуі. Бибісара тек жеңіске жетіп қана қоймай, Norway Chess Women жарысының тарихындағы ең жас қатысушы ретінде де тарихта қалатын болды.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Қазақстандық эколог Каспий теңізін сақтауға қосқан үлесі үшін National Geographic-тің алғашқы амбассадоры атанды
