Power & Purpose|Leadership

Қазақстандық эколог Каспий теңізін сақтауға қосқан үлесі үшін National Geographic-тің алғашқы амбассадоры атанды

АвторыTatler Kazakhstan
28.04.2026
Баспасөз қызметінің мұрағатынан
IMAGE Баспасөз қызметінің мұрағатынан
Шара журналдың елімізде жарық көре бастағанына 10 жыл толуына орай ұйымдастырылды

Белгілі эколог, CAIER институтының жетекшісі Әсел Тасмағамбетова National Geographic Qazaqstan басылымының амбассадоры атанды. Бұл туралы Орталық Азия экологиялық зерттеулер институты мәлімдеді.

National Geographic 33 жаһандық жобасы аясындағы бұл марапаттау рәсімі Қазақстанда тұңғыш рет өткізіліп отыр. CAIER институтының қабырғасында өткен салтанатты шара журналдың еліміздегі 10 жылдығына орайластырылды.

National Geographic Qazaqstan басылымының жауапты редакторы Айбын Шағалақтың айтуынша, бұл жоба қоғамға оң өзгеріс әкеліп, ғылымды дамытып, табиғатты қорғап жүрген жандарды қолдау мақсатында қолға алынған.

Әсел Тасмағамбетова Каспий теңізіндегі жалғыз сүтқоректі – Каспий итбалығын сақтау жолындағы көпжылдық еңбегі үшін осындай құрметке ие болды. Оның жетекшілігімен 2015 жылдан бері CAIER институты Әзербайжан, Иран, Ресей, Норвегия, Сауд Аравиясы, Түркменстан, Франция, Қазақстан ғалымдарының қатысуымен 10 халықаралық экспедиция ұйымдастырды.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР: Қазақстандық биші Lady Gaga мен Doechii-дің жаңа бейнебаянында бой көрсетті