Рыбакинаның жартылай финалдағы қарсыласы америкалық Джессика Пегула (6-орын) болды. Елена бірінші сетті сенімді бастап, брейк жасау арқылы 6:3 есебімен басым түсті. Екінші сетте тартыс күшейе түсті: қос теннисші брейктермен алмасып, ойынды тай-брейкке дейін жеткізді. Шешуші сәтте Елена салқынқандылық танытып, тай-брейкте 9:7 есебімен жеңісті жұлып алды.
Бұл туралы турнирдің ресми сайты хабарлады.
Сенбі күні өтетін финалда Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы, беларусьтік Арина Соболенкомен бас жүлдені сарапқа салады.
Елена үшін бұл – Australian Open турниріндегі екінші финал. 2023 жылы ол дәл осы Соболенкоға үш сетте есе жіберген болатын. Алайда олардың соңғы бетпе-бет кездесуінде қазақстандық теннисші басым түсті.
Айта кетейік, бұған дейін тағы бір отандасымыз Анна Данилина жұптық сында финалға жолдама алған еді.