Жаңа трейлерде рэпер үстел үстіне шығып алып, бір топ жауынгерге үн қатады. Олардың арасында Телемах (Том Холланд) пен Менелайдың (Джон Бернтал) тұлғасы байқалады. «Соғыс па, адам ба, әлде айла ма – Троя қабырғаларын қаусататын не нәрсе? Ол – қулық. Қала лаулап жанып, ақырған дыбыспен күлге айналып жатыр», – дейді рэпер. Алайда бұл жобада оның нақты кімнің рөлін сомдайтыны әзірге беймәлім.
Скотт пен Нолан бұған дейін де бірлесіп жұмыс істеген: 2020 жылы рэпер режиссердің «Довод» фильміне «The Plan» саундтрегін жазған болатын.
Ежелгі грек эпосының желісімен фильм түсірілетіні туралы алғашқы мәліметтер 2024 жылдың желтоқсанында тараған еді. Туынды жаңа IMAX-технологиясын қолдана отырып түсірілген, аңыз бен экшн жанрлары тоғысқан ауқымды жоба болмақ.
Скоттан бөлек, фильмнің жұлдызды құрамында Мэтт Дэймон, Зендея, Том Холланд, Энн Хэтэуэй, Роберт Паттинсон, Лупита Нионго және Шарлиз Терон бар.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Ральф Файнс «Харри Поттер» туралы сериалда Волан-де-Морттың рөлін кім сомдайтынын айтып қойды.
