Lifestyle|Entertainment

Тимур Бекмамбетовтің «Mercy» туындысы прокатта «Аватарды» шаң қаптырды

Автор Виктория Лебедева
27.01.2026
«Mercy» фильмінен кадр | Кинопоиск
IMAGE «Mercy» фильмінен кадр | Кинопоиск
Алғашқы көрсетілім күндерінің өзінде-ақ туынды 11,2 млн доллар кассалық табыс жинап үлгерді

Тимур Бекмамбетовтің «Mercy» фильмі АҚШ прокаттарында Джеймс Кэмеронның жаңа туындысы – «Avatar: Fire and Ash» фильмін басып озды. Бұл туралы Variety басылымы мәлімдеді.

Солтүстік Америкадағы алғашқы уикенд қорытындысы бойынша «Mercy» 11,2 млн доллар еншілесе, «Аватардың» үшінші бөлімі дәл осы кезеңде 7 млн доллар табыс тауып, Бекмамбетовтің жобасына жол берген.

Дегенмен, АҚШ-тан тыс аймақтарда фильмнің көрсеткіші көңіл көншітпей тұр: әлемнің 80 елінде бар болғаны 11,6 млн доллар жиналды. Осылайша, маркетингтік шығындарды есепке алмағанда, 60 млн доллар бюджетпен түсірілген туындының жалпы әлемдік табысы әзірге 22,8 млн долларды құрап отыр.

«Mercy» фильміндегі оқиға жақын болашақтағы Лос-Анджелес қаласында өрбиді. Басты кейіпкер, полиция қызметкері Крис Рейвен (Крис Пратт) өз әйелін өлтірді деген айыппен тұтқындалады. Оның жасанды интеллект негізінде жұмыс істейтін төрешінің (Ребекка Фергюсон) алдында өз кінәсіздігін дәлелдеуі үшін небәрі 90 минуты бар. Бір қызығы, бұл жүйенің енгізілуін кезінде кейіпкердің өзі белсенді қолдаған болатын. Уақыт зымырап барады, ал үкім ешқандай шегерусіз немесе кешіктірусіз шығарылмақ.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Трэвис Скотт Ноланның «Одиссея» фильмінің трейлеріне түсті