Бірде-бір ірі футбол турнирі жұлдызды қонақтарсыз өткен емес. 2026 жылғы әлем чемпионаты да бұған дәлел. АҚШ, Канада және Мексика стадиондарында Голливуд актерлері, музыканттар, спортшылар мен басқа да танымал тұлғалар бас қосты. Олардың бірқатары өз елінің құрамасын қолдауға келсе, енді бірі жылдың басты спорттық оқиғасын көзбен көруді жөн санаған
АҚШ – Түркия матчында Эдвард Нортон мен Брэд Питт жанкүйерлер қатарынан табылды. Аты аңызға айналған Fight Club фильміндегі жұлдыздардың қайта қауышқан сәті ғаламторды бірден шарлап, түрлі мемдердің таралуына түрткі болды. Жанкүйерлер Нортонның фильмдегі кейіпкерін еске алып, «ол өзімен-өзі сөйлесіп отырғандай» деп қалжыңдады. Англия құрамасына жанкүйер болған Виктория Бекхэмнің реакциясы (нақтырақ айтсақ, бетінде бірде-бір эмоцияның болмауы) да желіде қызу талқыланды. Жанындағы Дэвид Бекхэм тасыған эмоциясын жасыра алмай отырғанда, оның бұл міз бақпас бейнесі желіде талай мемге себеп болды. Турнирдің басқа да жұлдызды қонақтары назардан тыс қалмады. Франция – Испания арасындағы жартылай финал кезінде Франция құрамасының жейдесін киген Тимоти Шаламе мен испан командасының нағыз жанкүйері Хавьер Бардем көзге түсті. Желі қолданушылары бұл жай ғана футбол матчы емес, Dune фильміндегі Пол Атрейдес пен Стилгардың кездесуі деп әзілдесті. Киносүйер қауым жыл соңында бұл франшизаның үшінші бөлімі жарық көретінін еске алып, актерлердің футболдағы бұл кездесуін аты аңызға айналған саганың өзінше бір спин-оффына балады.
2026 жылғы әлем чемпионатында тағы қандай жұлдыздардың жанкүйер болғанын біздің галереядан көре аласыздар.
IMAGE Харпер, Виктория, Дэвид және Ромео Бекхэмдер | Jean Catuffe / Getty Images
IMAGE Хавьер Бардем | Jose Breton / Getty Images
IMAGE Том Круз, Дэвид және Виктория Бекхэм | Stu Forster / Getty Images
IMAGE Эдвард Нортон, Брэд Питт және Колин Фаррелл | K.C. Alfred / Getty Images
IMAGE Сабрина Карпентер | Marc Atkins / Getty Images
IMAGE Carlos W. Desrosiers, Трэвис Скотт және IShowSpeed | Jean Catuffe / Getty Images
IMAGE Лиа Мэйсон және Кара Делевинь | Jean Catuffe / Getty Images
IMAGE Дэвид және Виктория Бекхэмдер | David Ramos / Getty Images
IMAGE Эд Вествик, жұбайы Эми Джексон және ұлы | Jean Catuffe / Getty Images
IMAGE София Буш және Эшлин Харрис | Jean Catuffe / Getty Images
IMAGE Стив Аоки | Jean Catuffe / Getty Images
IMAGE Джерард Батлер және Морган Браун | Jean Catuffe / Getty Images
IMAGE Кортни Лав | Jean Catuffe / Getty Images
IMAGE Пенелопа Крус және Брэд Питт | Jean Catuffe / Getty Images