Бразилиялық актер Вагнер Моура «The Secret Agent» картинасындағы рөлі үшін «Драмалық фильмдегі үздік актер» номинациясы бойынша «Алтын глобус» сыйлығының лауреаты атанды. Variety басылымының хабарлауынша, Моура – бұл беделді марапатқа ие болған тұңғыш бразилиялық актер.
Алғыс сөзінде әртіс аталмыш фильмнің естеліктерге, жан жарасына және ұрпақтан ұрпаққа жалғасатын құндылықтарға арналғанын атап өтті. «Бұл марапат – қиын-қыстау кезеңде де өз қағидаларына адал болып қалған жандарға арналады», – деді ол.
Биыл бұл номинацияда бақ сынағандардың арасында Джоэл Эдгертон, Оскар Айзек, Дуэйн Джонсон, Майкл Б. Джордан және Джереми Аллен Уайт сияқты танымал есімдер болды.
Моура үшін бұл «Алтын глобусқа» екінші мәрте ұсынылуы – бұған дейін ол «Narcos» сериалындағы рөлімен ерекшеленген еді. 1977 жылғы әскери диктатура кезіндегі Бразилияны суреттейтін «The Secret Agent» туындысы үздік драма мен үздік шет тілді фильм номинацияларына да ілікті. Картинада Моура репрессиялық режимге қарсы тұруға тырысқан технолог әрі диссиденттің рөлін ойнайды.
«Алтын глобус – 2026» жеңімпаздарының толық тізімімен мына сілтеме арқылы таныса аласыздар.
