«Алтын глобус – 2026» сыйлығының «Үздік драмалық фильм» номинациясын Уильям Шекспирдің өміріндегі трагедияны баяндайтын «Hamnet» картинасы иеленді. Осы туындыда басты рөлді сомдаған Джесси Бакли «Драмалық фильмдегі үздік актриса» статуэткасын қоржынына салды. Ал «One Battle After Another» фильмі бірден төрт номинация бойынша жеңіске жетті: «Үздік фильм (комедия немесе мюзикл)», «Үздік режиссер», «Үздік сценарий» және «Үздік екінші пландағы актриса» (Тейяна Тейлор). Тимоти Шаламе «Marty Supreme» (комедия немесе мюзикл) фильміндегі рөлі үшін марапатталса, Вагнер Моура «The Secret Agent» драмасындағы жұмысы үшін «Үздік драмалық актер» атанды. «Комедия немесе мюзиклдегі үздік актриса» жүлдесі Роуз Бирнге («I’d Kick You If I Could») бұйырды.
«Алтын глобус – 2026» жеңімпаздарының толық тізімі:
Үздік драмалық фильм – «Hamnet»
Үздік фильм (комедия немесе мюзикл) – «One Battle After Another»
Үздік режиссер – Пол Томас Андерсон, «One Battle After Another»
Үздік драмалық актер – Вагнер Моура, «The Secret Agent»
Үздік драмалық актриса – Джесси Бакли, «Hamnet»
Үздік актер (комедия немесе мюзикл) – Тимоти Шаламе, «Marty Supreme»
Үздік актриса (комедия немесе мюзикл) – Роуз Бирн, «I’d Kick You If I Could»
Үздік екінші пландағы актер – Стеллан Скарсгард, «Sentimental Value»
Үздік екінші пландағы актриса – Тейяна Тейлор, «One Battle After Another»
Үздік фильм (шет тілінде) – «The Secret Agent» (Бразилия)
Үздік анимациялық фильм – «K-Pop Demon Hunters»
Үздік сериал (драма) – «Pittsburgh Hospital»
Үздік комедиялық сериал – «The Studio»
Комедиялық сериалдағы үздік актриса – Джин Смарт, «Hacks»
Телефильмдегі немесе мини-сериалдағы үздік актер – Стивен Грэм, «Coming of Age»
Телефильмдегі немесе мини-сериалдағы үздік актриса – Мишель Уильямс, «Dying for Sex»
Комедиялық немесе драмалық сериалдағы үздік екінші пландағы актер – Оуэн Купер, «Coming of Age»
Комедиялық немесе драмалық сериалдағы үздік екінші пландағы актриса – Эрин Доэрти, «Coming of Age»
Кинематографиялық және кассалық үздік жетістік – «Sinners»
Үздік подкаст (жүлде алғаш рет табысталды) – Эми Полер, «Come hang with Amy Poehler»
