Lifestyle|Entertainment

Tatler Kazakhstan Орталық Азия өнеріне арналған жаңа Art Issue шығарылымын ұсынды

АвторыTatler Kazakhstan
09.10.2026
Фотосуретші: Сұлтан Арчаков
IMAGE Фотосуретші: Сұлтан Арчаков
Алматыда өнер әлемі мен оның қаһармандарына арналған жаңа санның жабық тұсаукесері дүркіреп өтті. Бұл айрықша кештің шымылдығы Bvlgari брендінің қолдауымен түрілген еді

Жаңа арт-шығарылымның тұсаукесерін өткізу үшін Yurta мейрамханасы таңдалып алынды. Мұнда бас қосқан меймандар жаңа журналды асықпай парақтап, Саид Атабектің туындыларына көз тастай жүріп, Орталық Азия өнерінің болашағы төңірегінде келелі ой қозғады. Заманауи өнерге ұдайы қолдау көрсетіп келе жатқан Bvlgari зергерлік-сағат үйінің бұл нөмірге бас серіктес атануы да тегін емес. «Кейіпкерлеріміздің Венеция биенналесіне бірнеше мәрте қатысқанын ескерсек, биыл дәл осы шараның эксклюзивті серіктесі атанған Bvlgari-мен тізе қосуымыздың үлкен мәні бар. Сән үйінің зергерлік эстетикасы жаңа Art Issue философиясымен мінсіз үндесіп тұр», – деп атап өтті Tatler Kazakhstan бас редакторы Анара Кукиева өз сөзінде.

Аймақтың мәдени дәстүрлерін қастерлейтін Yurta мейрамханасының ерекше атмосферасы кеш тақырыбының ажарын одан сайын аша түскендей. Шараның тағы бір серіктесі ретінде PRINTCLUB.asia да бой көрсетті.

Фотосуретші: Сұлтан Арчаков
IMAGE Фотосуретші: Сұлтан Арчаков
Фотосуретші: Сұлтан Арчаков
IMAGE Фотосуретші: Сұлтан Арчаков

Қазан санының төрінен Орталық Азияның заманауи арт-сахнасындағы үш жарқын тұлға – Саид Атабек, Саодат Исмаилова және Джама Нұрқалиева орын теуіпті. Kyzyl Traktor арт-тобының мүшесі әрі Венеция биенналесіне үш мәрте қатысқан Саид Атабек өз шығармашылығында естелік, жан жарасы, жаһандану мен бақсылық тақырыптарын тереңнен қаузап жүрген автор. Мұқабадағы кавер-стори үшін ол Джама Нұрқалиеваның бейнесін Bvlgari әшекейлері мен текті тұлпарлардың қоршауында таспаға түсіріпті.

Фотосуретші: Сұлтан Арчаков
IMAGE Фотосуретші: Сұлтан Арчаков
Фотосуретші: Сұлтан Арчаков
IMAGE Фотосуретші: Сұлтан Арчаков

Ал өзбекстандық суретші әрі кинорежиссер Саодат Исмаиловамен өрбіген сұхбатта аймақ өнерінің ертеңі жан-жақты сөз болды. Дәл осы әңгіме барысында Джама «Целинный» орталығынан кеткелі бері алғаш рет іште сақтаған болашақ жоспарларын жайып салып, өзін алда не күтіп тұрғанынан ашық сыр шерткен еді.

Фотосуретші: Саид Атабек
IMAGE Фотосуретші: Саид Атабек

Алматының арт-қауымдастығы, мәдениет өкілдері мен зайырлы ортасының басын қосқан бұл кешті жай ғана тұсаукесер деуге келмес. Жаңа шығарылыммен танысып, көркем туындыларға баға берген меймандардың басқосуы айналып келгенде Орталық Азия өнерінің бүгінгі тынысы туралы жанды диалогқа ұласып кете барды.