«Аватар: Аанг туралы аңыз» телехикаясында домбыра мен қобыз үні шырқалмақ
«Netflix-тің «Аватар: Аанг туралы аңыз» сериалы үшін домбыра мен қобыз үнін жазу – мен үшін үлкен мәртебе», – деп жазды Дана өзінің Instagram парақшасында.
«Аватар: Аанг туралы аңыз» – 2005-2008 жылдар аралығында Nickelodeon телеарнасында көрсетілген аттас анимациялық сериалдың кино нұсқасы. Сюжет бойынша, жас Аанг соғысты тоқтатып, құдіретті жауға қарсы тұру үшін төрт табиғат күшін меңгеріп шығуы тиіс. Басты рөлдерді Гордон Кормье, Киавентио және Иэн Аусли сомдады.
Dana Tunes лақап атымен танымал Дана Зұлпыхардың Лос-Анджелесте тұрып жатқанына сегіз жыл болды. Ол шетелде қазақ мәдениетін дәріптеумен белсенді айналысады. Биыл ол әлемге әйгілі Coachella фестивалінің сахнасында өнер көрсеткен Қазақстанның алғашқы өкілі атанды.
