Lifestyle|Entertainment

Қазақстандық деректі фильм тұңғыш рет «Берлинале» бағдарламасына енді

Автор Tatler Kazakhstan
20.01.2026
«Сны реки» атты деректі фильмінен кадр, 2025 жыл
IMAGE «Сны реки» атты деректі фильмінен кадр, 2025 жыл
Кристина Михайлованың «Сны реки» атты дебюттік туындысы Forum Special секциясына таңдап алынды

Отандық кино саласында тарихи сәт: қазақстандық режиссердің деректі фильмі алғаш рет әйгілі Берлин кинофестивалінің бағдарламасына енді. Кристина Михайлова түсірген «Сны реки» фильмі фестивальдің Forum Special секциясында көрсетіледі. Бұл туралы кинофестивальдің ресми сайты хабарлады.

Деректі туындының әлемдік премьерасы дәл осы «Берлинале» сахнасында өтпек. Фестиваль сайтындағы сипаттамаға сүйенсек, Кристина Михайлова бүгінгі қоғамның қысымына қарсы тұруға күш тапқан және ер адамсыз өмір сүруді таңдаған қазақстандық қыздардың тағдырын баяндайды.

Айта кетерлігі, Михайлова – осы беделді фестивальге жолы түскен Қазақстан тарихындағы екінші әйел режиссер. Бұған дейін, осыдан 15 жыл бұрын Жанна Исабаеваның «Нағима» фильмі конкурстық бағдарламаға қатысқан болатын. Содан бері Берлин кинофестивалінде қазақстандық кинематографтың атынан тек ер режиссерлердің көркем фильмдері ғана ұсынылып келді.

Сонымен қатар, 2026 жылдың 9-17 ақпаны аралығында өтетін Berlin Critic’s Week – «Берлиналенің» тәуелсіз әрі сыншыларға арналған секциясы аясында тағы бір отандық туындының тұсауы кесіледі. Бұл – белгілі режиссер Әділхан Ержановтың («Кадет», «Қазақтың қорқынышты ертегілері») жаңа фильмі. Аталған туынды туралы толығырақ мәліметті біздің осы материалымыздан оқи аласыздар.