12-22 ақпан аралығында өтетін 76-шы Берлин кинофестивалінің («Берлинале») ресми бағдарламасы белгілі болды. Толық тізім фестивальдің сайтында жарияланды.
2026 жылы басты жүлдеге 22 кино туынды таласпақ:
- «У моря» (At the Sea), реж. Корнель Мундруцо
- «Дао» (Dao), реж. Ален Гомис
- «Пыль» (Dust), реж. Анке Блонд
- «Что-то очень особенное» (Etwas ganz Besonderes), реж. Эва Тробиш
- «Все копают Билла Эванса» (Everybody Digs Bill Evans), реж. Грант Джи
- «Желтые письма» (Gelbe Briefe), реж. Илькер Чатак
- «Жозефин» (Josephine), реж. Бет де Арахуо
- «Спасение» (Kurtuluş), реж. Эмин Элпер
- «Самый одинокий человек в городе» (The Loneliest Man in Town), реж. Тизза Кови, Райнер Фриммель
- «Моя жена плачет» (Meine Frau weint), реж. Ангела Шанелек
- «Мухи» (Moscas), реж. Фернандо Эймбке
- «Новая заря» (A New Dawn), реж. Ёситоси Синомия
- «Нина Роза» (Nina Roza), реж. Женевьев Дюлюд-Де Селлес
- «Королева на море» (Queen at Sea), реж. Лэнс Хаммер
- «Обрезка розового куста» (Rosebush Pruning), реж. Карим Айнуз
- «Роза» (Rose), реж. Маркус Шляйнцер
- «Сумсум, ночь звезд» (Soumsoum, la nuit des astres), реж. Махамат-Салех Харун
- «Вполголоса» (À voix basse), реж. Лэйла Бузид
- «Мы все чужие» (Wo Men Bu Shi Mo Sheng Ren), реж. Энтони Чэнь
- «Вольфрам» (Wolfram), реж. Уорвик Торнтон
- «YO: Любовь – это бунтарская птица» (YO Love is a Rebellious Bird), реж. Анна Фитч, Бенкер Уайт
- «Дитя ночи» (Yön Lapsi), реж. Ханна Бергхольм
Биылғы фестивальдің басты премьерасы - Карим Айнуздың «Обрезка розовых кустов» туындысы болмақ. Бұл картинада Эль Фаннинг, Райли Кио, Каллум Тернер (жаңа Джеймс Бонд рөліне басты үміткер) және Памела Андерсон бой көрсетеді. Сондай-ақ негізгі байқау ішінен Корнель Мундруцоның «У моря», Ален Гоместің «Дао», Грант Джидің «Всем нравится Билл Эванс», Маркус Шляйнцердің «Роза» және Ченнинг Татум мен Джемма Чан түскен Бет де Араухоның «Жозефин» фильмдерін ерекше атап өтуге болады.
Айта кетерлігі, Берлин кинофестивалінің тарихында тұңғыш рет Қазақстаннан деректі фильм қатысады. Кристина Михайлованың дебюттік жұмысы - «Сны реки» туындысы фестивальдің Forum Special секциясына таңдап алынды.
