Cirque du Soleil
- Қашан: 4-7 маусым
- Қайда: «Барыс Арена»
- Билет құны: 40 000 теңгеден бастап
Аты аңызға айналған Cirque du Soleil тоғыз жылдан кейін Қазақстанға қайта оралмақ. Бұл жолы әртістер көрермен назарына әйгілі OVO (португал тілінен аударғанда – «Жұмыртқа») шоуының жаңартылған нұсқасын ұсынады.
Көрермендер жәндіктер әлемінің жарқын әрі қайнаған өміріне саяхат жасайды. Труппаның 52 әртісі самба мен босса-нова ырғағындағы жанды музыка сүйемелдеуімен қоңыз, көбелек және өрмекшілердің бейнесіне еніп, көз жауын алатын акробатикалық трюктерді паш етпек. Айта кетейік, бұл – 2017 жылғы ЭКСПО көрмесінен кейін труппаның Орталық Азиядағы алғашқы өнер көрсетуі.
Satisfaction фестивалі
- Қашан: 6 маусым
- Қайда: Beibarys
- Билет құны: 25 000 теңгеден бастап
Егер сіз 2010 жылдардың электронды би музыкасын сағынған болсаңыз, Satisfaction 2026 нағыз қуат алатын орынға айналмақ. Ұйымдастырушылар қонақтарға 10 сағаттық толассыз би марафонын сыйлау үшін нағыз жұлдызды құрамды жинады.
Кештің басты хедлайнерлері – суперпродюсер R3HAB, аты аңызға айналған Laidback Luke және Don't You Worry Child хиттің орындаушысы John Martin болмақ. Сонымен қатар америкалық әнші DEV өзінің Like a G6 мега-хитін шырқаса, нидерландтық әнші Eva Simons өзінің Take Over Control әнімен көпшілікті билетуге дайын. Фестиваль ұйымдастырушылары арнайы құпия қонақтың да болатынын уәде етті.
Евгений Чебатков
- Күні: 27 маусым
- Қайда: Bla Bla Bar Astana
- Билет құны: 15 000 теңге
Қарапайым адамның өміріне ирониямен қарайтын, посткеңестік кеңістіктегі ең танымал стендап-комиктердің бірі Астана сахнасына оралады. Чебатков елордалық көрерменге өзінің жаңа бағдарламасын ұсынбақ. Онда әрқайсымызға таныс күнделікті өмірдегі жағдайлар мен адамдардың түрлі қызық қылықтары әзілмен өрілетіні сөзсіз.
Nana
- Күні: 4 шілде
- Қайда: Bla Bla Bar Astana
- Билет құны: 15 000 теңге
Nana – әлемнің түкпір-түкпіріндегі би алаңдары мен плейлисттерді әлдеқашан жаулап алған хип-хоп хиттердің орындаушысы. Миллиондаған тыңдалым жинап, алғашқы секундтан-ақ танылатын Lonely, Dreams және Remember The Time тректерінің авторы тыңдармандарына нағыз ностальгия сыйламақ.
Comic Con Astana 2026
- Күні: 6-9 тамыз
- Қайда: «ЭКСПО» ХКО
- Билет құны: 5 000 теңгеден бастап
Орталық Азиядағы басты поп-мәдениет фестивалі биыл шақырылған жұлдыздардың беделі мен ауқымы жағынан барлық рекордтарды жаңартып отыр. Ұйымдастырушылар алғашқы хедлайнердің есімін жариялап үлгерді: ол –«Игра престолов» сериалындағы Джейме Ланнистердің рөлімен танымал даниялық актер Николай Костер-Вальдау.
Сага жанкүйерлері үшін бұл – «Патша өлтірушімен» кездесіп, қолтаңба алуға немесе бірге суретке түсуге таптырмас мүмкіндік. Сондай-ақ қонақтарды косплей аймақтары, комикс суретшілерімен кездесулер және киноиндустрия туралы қызықты дәрістер күтеді.
