Lifestyle|Entertainment

Game of Thrones сериалының жұлдызы Николай Костер-Вальдау Астанаға келеді

АвторыTatler Kazakhstan
18.05.2026
Николай Костер-Вальдау Калифорнияның Санта-Моника қаласында өткен Apple TV баспасөз мәслихатында | Фотограф: Мэтт Винкельмейер | Getty Images
IMAGE Николай Костер-Вальдау Калифорнияның Санта-Моника қаласында өткен Apple TV баспасөз мәслихатында | Фотограф: Мэтт Винкельмейер | Getty Images
Актер тамыз айында өтетін Comic Con Astana фестиваліне қатысады

Әлемге әйгілі Game of Thrones сериалындағы Джейме Ланнистердің рөлімен танылған даниялық актер Николай Костер-Вальдау тамыз айында еліміздің бас қаласына келмек. Comic Con Astana фестивалінің ұйымдастырушылары оның биылғы шараның басты хедлайнері болатынын ресми түрде растады.

Аты аңызға айналған сагадан бөлек, актердің фильмографиясында Gods of Egypt, Oblivion және Black Hawk Down сияқты танымал туындылар бар. Соңғы кездері Костер-Вальдау камера сыртында да бағын сынап, режиссура мен сценарий жазу ісіне белсене кірісіп кетті. Мәселен, King and Conqueror сериалында ол басты рөлді сомдап қана қоймай, эпизодтардың біріне режиссерлік етті.

Айта кетейік, былтырғы қазақстандық Comic Con фестиваліне Голливудтың үш бірдей жарық жұлдызы: Энди Серкис (The Lord of the Rings), Эсай Моралес (Озарк) және Скотт Эдкинс (Undisputed) арнайы қонақ болып келген еді.