Lifestyle|Entertainment

Майкл Б. Джордан «Үздік ер адам рөлі» үшін «Оскар» алды

АвторыTatler Kazakhstan
16.03.2026
Майкл Б. Джордан | Фотосуретші: Гарет Каттермол | Getty Images
IMAGE Майкл Б. Джордан | Фотосуретші: Гарет Каттермол | Getty Images
Көптен күткен мүсіншені Райан Куглердің «Күнәһарлар» фильмінде сомдаған егіздердің рөлі сыйлады

Райан Куглердің «Күнәһарлар» туындысында егіздердің рөлін сомдаған Майкл Б. Джордан «Үздік ер адам рөлі» номинациясында «Оскар» иеленді.

Эдриан Броудидің қолынан марапат алған 39 жастағы актер Киноакадемия тарихында бір фильмдегі екі рөлі үшін жүлде алған алғашқы әртіс болды. Джорданның басты қарсыласы саналған Тимоти Шаламе («Марти Великолепный») маусым соңындағы басты марапаттан құралақан қайтты.

Барлығы 16 номинация алып, «Оскар» рекордын орнатқан «Күнәһарлар» фильмі қорытындысында төрт жүлдені қанағат тұтты. Олардың қатарында Майкл Б. Джорданның жеңісінен бөлек, үздік түпнұсқалық сценарий, саундтрек және операторлық жұмыс үшін берілген марапаттар болды. Дегенмен, кештің басты кейіпкері ретінде алты мүсінше алған Пол Томас Андерсонның «Битва за битвой» фильмі аталды.