Lifestyle|Entertainment

«Битва за битвой» «Үздік фильм» ретінде Оскар иеленді

АвторыTatler Kazakhstan
16.03.2026
Пол Томас Андерсон Оскар мүсіншесімен | Robert Gauthier / Los Angeles Times via Getty Images
IMAGE Пол Томас Андерсон Оскар мүсіншесімен | Robert Gauthier / Los Angeles Times via Getty Images
Режиссер Пол Томас Андерсон бір кештің ішінде алты бірдей «Оскар» иеленді

Пол Томас Андерсонның «Битва за битвой» картинасы жылдың «Үздік фильмі» деп танылды. Юэн Макгрегор мен Николь Кидман тапсырған бұл марапатты сахнаға шыққан режиссер мен продюсер Сара Мерфи қабылдап алды.

Бір кештің ішінде алты бірдей «Оскар» алған Пол Томас Андерсон бұған дейін «Үздік режиссер» және «Үздік бейімделген сценарий» аталымдарында да жеңімпаз болған еді. Сонымен қатар, картина Шон Пеннге үшінші мүсіншесін әперіп, үздік кастинг пен монтаж категорияларында да топ жарды.

Биылғы маусымдағы барлық маңызды америкалық сыйлықтарды, соның ішінде «Алтын глобус» пен BAFTA-ны жинаған бұл туынды Режиссерлер гильдиясының (DGA) болжамын толықтай ақтады. 80 жылдық тарихында өте сирек қателесетін DGA марапаты биыл да «Оскар» жеңімпазын дәл анықтады.