Lifestyle|Entertainment

Лос-Анджелестегі кинофестивальде қазақстандық Әйгерім Жанғозина топ жарды

АвторыTatler Kazakhstan
29.04.2026
Әйгерім Жанғозина | Жеке мұрағатынан | Instagram желісі
IMAGE Әйгерім Жанғозина | Жеке мұрағатынан | Instagram желісі
Әйгерімнің АҚШ-та оқып жүргенде түсірген «The Wrong Door» туындысы оған «Үздік режиссер» аталымында жеңіс сыйлады

Қазақстандық Әйгерім Жанғозина Лос-Анджелесте өткен The Thespian Cinema Fest фестивалінде «Үздік режиссер» аталымында жеңімпаз атанды. Бұл жеңісті оған Америкада оқу кезінде түсірген «The Wrong Door» атты дебюттік қысқаметражды фильмі алып келді.

Фильмде жолы болмайтын бір ұрының басынан кешкен қызықты хикаясы баяндалады. Ол аңдаусызда Америкадағы қазақ эмигранттары жиналып, марқұмды еске алып, ас беріп жатқан үйге басып кіреді. Мұнда қылмыстық сюжет пен қазақы тұрмыс-салт астасып, мәдени алшақтық пен күлкілі жағдайлар шебер өрілген.

Басты рөлді ҚР еңбек сіңірген артисі, белгілі әнші әрі композитор Марат Омаров сомдады. Енді бір қызық дерек: кадрдағы «қазақтардың» рөлін шын мәнінде шетелдік төрт актер ойнаған. Олар бұл рөл үшін қазақ тілін арнайы үйреніп шығыпты.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР: Қазақстандық биші Lady Gaga мен Doechii-дің жаңа бейнебаянында бой көрсетті