Lifestyle|Entertainment

Гарри Стайлс пен Зои Кравиц некелесті

АвторыTatler Kazakhstan
28.04.2026
Гарри Стайлс пен Зои Кравиц Нью-Йорк көшесінде, 9 наурыз 2026 жыл | Getty Images
IMAGE Гарри Стайлс пен Зои Кравиц Нью-Йорк көшесінде, 9 наурыз 2026 жыл | Getty Images
Зои Кравиц пен Гарри Стайлстың қарым-қатынасы қарқынды дамып келе жатқан сыңайлы: мәліметтерге сүйенсек, жұлдызды жұп небары 8 ай жүргеннен кейін некелесті

Бұл қауесеттің таралуына актрисаның көпшілік алдына аты жоқ саусағына гауһар тасты жүзік тағып шыққаны түрткі болды. Кейінірек жұпқа жақын сенімді инсайдер People басылымына Стайлстың шынымен де сөз салғанын растады. Ал ғашықтар бұл қуанышты жаңалықты әзірге тек ең жақын адамдарымен ғана бөлісуді жөн көріпті.

Екі жұлдыздың махаббат хикаясы жазда басталған. Тамыз айында оларды Лондон мен Римде бірге байқаса, қыркүйекте Нью-Йорк көшелерінде серуендеп жүрген жерінен көргендер бар. Сол кезде папарацци Стайлстың Кравицті құшақтап, ерекше жылулық танытқан сәтін таспаға тартып үлгерген еді. Дәл осы кезеңде олар актрисаның әкесі Ленни Кравицпен бірге уақыт өткізді, оған қоса Еуропадағы түрлі шараларда, соның ішінде Берлин марафонында бой көрсетті. Жалпы 2025 жылы Гарри мен Зои тек махаббат хикаясымен емес, мінсіз жұптық образдарымен де көптің назарына ілікті. Tatler басылымы оларды жылдың ең стильді жұбы деп танығаны белгілі.

Бұған дейін Кравиц актер Ченнинг Татуммен де некелескен болатын, алайда олардың қатынасы 2024 жылдың күзінде үзілді. Одан кейін көпшілік актрисаны әріптесі Остин Батлермен көңіл жарастырды деп топшылаған, бірақ көп ұзамай оның Стайлспен кездесіп жүргені мәлім болды.

Алдағы уақытта жұлдызды жұпты қарбалас күндер күтіп тұр: Стайлс жаңа альбомын таныстыру үшін үлкен турнеге дайындалып жатса, Кравиц «Как ограбить банк» фильмінің түсірілімінде жүр. Айта кетейік, бұл жобада онымен бірге Николас Холт, Анна Саваи, Пит Дэвидсон сияқты актерлер ойнайды.