Lifestyle|Entertainment

Алматыда Батырхан Шүкеновті еске алу концерті өтеді

АвторыTatler Kazakhstan
11.04.2026
Батырхан Шүкеновтің «Дождь» бейнебаянынан кадр
IMAGE Батырхан Шүкеновтің «Дождь» бейнебаянынан кадр
Сахна төрінде өнер иесінің ең танымал әндері шырқалмақ

Алматыда алғаш рет аты аңызға айналған қазақстандық музыкант Батырхан Шүкеновтің шығармашылығына арналған ресми трибьют-концерт өтеді. Отандық мәдениеттің дамуына өлшеусіз үлес қосқан әртістің бай мұрасын сақтап, оны кеңінен дәріптеуді басты мақсат еткен бұл шара Batyr Amanaty жобасы аясында ұйымдастырылмақ. Ұйымдастырушылар бұл кеш әнші шығармашылығын сүйіп тыңдайтын қауым үшін айтулы оқиғаға айналатынына сенімді.

Кеш бағдарламасына Шүкеновтің әйгілі «Аманат» пен «Отан Ана» альбомдарындағы туындылар енген. Көпшіліктің сүйікті әндері Бақытжан Байқадамов атындағы хор капелласы мен камерлық оркестрдің сүйемелдеуімен мүлдем жаңа, ерекше өңдеуде орындалады. Олармен бірге сахна төріне Мәдина Сәдуақасова, Рүстем Нұржігіт, KeshYOU, Hey Monro, Jeltoksan сияқты танымал қазақстандық орындаушылар шығады.

Концерт 30 сәуір күні сағат 19:00-де Almaty Arena кешенінде өтеді. Билеттер сатылымға шыққан.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Қазақстанда алматылық электронды музыка сахнасының тарихы туралы фильм түсірілді