Gen.T|Leadership

Қазақстандық суретші Айя Шалқар Гонконгтегі Art Basel көрмесінде сыншылар мен коллекционерлердің жоғары бағасын алды

АвторыTatler Kazakhstan
27.03.2026
Айя Шалқар | Баспасөз қызметінің мұрағаты
IMAGE Айя Шалқар | Баспасөз қызметінің мұрағаты
Сандық технология мен дәстүрлі өнерді шебер ұштастыра білген Айя Шалқар Art Basel Hong Kong 2026 көрмесінің ең жарқын тұлғаларының біріне айналды. Оның шығармашылығы коллекционерлер мен өнерпаз қауымның ғана емес, беделді сыншылардың да назарын бірден баурап алды

Әлемдік арт-нарықтың ең ықпалды алаңдарының бірі саналатын Art Basel Hong Kong халықаралық заманауи өнер жәрмеңкесінде биыл алғаш рет Қазақстанның аты аталды.

Қазақстандық суретші бұл туындысын алғаш рет Sapar Contemporary галереясындағы көрме кезінде көпшілікке таныстырып, онда The World of Peri атты өзіндік көркем әлемін көрсетті. Мұнда дәстүрлі мәдениет нышандары ғылыми фантастика мен фэнтези элементтерімен шебер астасқан. Шалқар өз әдісін көне түркі мәдениетін зерттеу мен болашақты болжауды біріктіретін «болашақтың археологиясы» деп сипаттайды.

Айяның айтуынша, The World of Peri – мифтік әйелдердің: перілер мен су перілерінің, кентаврлар мен мыстандардың қиялдағы өркениетіне жол ашатын портал. Бұл бейнелер тарих беттерінде көбіне жаңсақ түсініліп, үрей туғызатын немесе қаралау нысанына айналған кейіпкерлер ретінде сипатталып келген.

Халықаралық БАҚ өкілдері Шалқарды «шынайылықты жаңаша зерделеп, сандық және дәстүрлі өнер арасындағы шекараны жойып жүрген» жас суретшілердің қатарына жатқызды. Оның бұл көрмеге қатысуы әлемдік арт-сахнаның Орталық Азия өнеріне деген қызығушылығы артып келе жатқанын тағы бір мәрте дәлелдеді.