25 маусымда Алматыда бас серіктес Freedom Telecom компаниясының қолдауымен Gen.T форумы өтті. Осы іс-шара аясында 2026 жылғы лауреаттар қазіргі заманғы көшбасшының қандай болуы керектігін талқылады. Бұл тақырыпқа «Целинный» заманауи мәдениет орталығының көркемдік жетекшісі Әлима Қайрат, PR-маман және The Insider коммуникациялық агенттігінің негізін қалаушы Михаил Коваль, сондай-ақ философия докторы, ҚБТУ жасанды интеллект зертханасының меңгерушісі Алина Гуторева өз ойларын ортаға салды. Нәтижесінде, әңгіме зәулім кабинеттер мен жалаң ұрандар туралы емес, керісінше – тұрақтылық, эмпатия және тікелей бақылаусыз-ақ жұмыс істей беретін ықпал туралы өрбіді.

Ақпарат – енді күш емес
Жақында ғана ақпаратқа ие адам нағыз көшбасшы саналатын. Бүгінде бұл артықшылық жойылды. «Бұрын ақпарат кімнің қолында болса, сол көшбасшы делінетін. Алайда қазір жасанды интеллект әркімнің қалтасында жүрген заманда, ақпаратқа қол жеткізу басты артықшылық болудан қалды», – дейді Алина Гуторева. Дегенмен, оның айтуынша, бұдан жағдай жеңілдей түскен жоқ: күрделі мәселелер азаймады, керісінше көбейіп кетті.

Көшбасшы рөлінің мәні де өзгеруде. 2026 жылғы лидер дегеніміз мәселелерді дөп басып, шешім таба білетін және толықтай белгісіздік жағдайында әрекет ете алатын адам. Дайын жауаптар жоқ кезде жауапкершілікті өз мойнына алып, өзгерістерге бейімделіп, адамдарды алға бастай алатын тұлға. Деректерге қол жеткізу енді ештеңеге кепілдік бермейді. Қазіргі таңда бұрынғы қағидалар ескірген тұста, сол ақпаратты тиімді қолдана білу қабілеті жоғары бағаланады.
Бақылаудың орнына тұрақтылық
Егер белгісіздік қалыпты жағдайға айналса, мұндай ортада тепе-теңдікті сақтай білу – ең басты дағды. «Көшбасшы бұл айналада бәрі өзгеріп жатқанда ішкі тұрақтылығын сақтай алатын адам», – дейді Әлима Қайрат. Ол әрбір ұсақ-түйекті бақылауда ұстауға тырыспайды. Керісінше, шынайылықты қаз-қалпында қабылдап, сәтсіздіктерден сабақ алып, алға жылжи біледі. Бұл жердегі күш – қателеспеуде емес, жаңа мүмкіндіктерге ашық болуда; көпшілік тек кедергіні көретін тұста, өзгелерді қолдап, оларға мүмкіндіктерді байқауға көмектесуде.

Михаил Коваль осы бір құбылмалы кезең туралы басқа қырынан сөз қозғап, үнемі тұрақсыздық жағдайында қалай сабыр сақтау керектігін түсіндірді. Оның сенімінше, мұның әмбебап рецепті жоқ: әлем тоқтаусыз өзгеріп жатқанда үрейден, күмән мен уайымнан толық арылу мүмкін емес. Ең бастысы – істеп жатқан ісіңіздің өзіңізге қаншалықты ұнайтыны. «Егер ісіңіз мағыналы болып, оған деген қызығушылығыңыз артып, процестен ләззат алсаңыз, уайым мен қиындықтарға қарамастан алға жылжи бересіз». Демек, тұрақтылық қорқыныштың жоқтығынан емес, адамның өз ісімен арадағы берік байланысынан туындайды.
Басқару емес, соңынан ерту
Көзқарастағы ең үлкен өзгеріс – көшбасшылардың билікті қалай сипаттайтынында. Дәлірек айтсақ, олар көшбасшылықты билікпен мүлдем байланыстырмайды деуге болады. «Мен үшін көшбасшылық – билік немесе асқақ мәлімдемелер жасау емес. Көшбасшы бұл кабинетте отырып алып, үстелді жұдырықпен ұратын адам емес», – деп түсіндіреді Михаил. Нағыз көшбасшылықты ол басқалардың өміріне оң ықпал етіп, олардың өсуіне және әлеуетін ашуға көмектесу қабілетінен көреді. Оның пікірінше, басты міндет – әріптестеріне үйреншікті шеңберден шығып, жаңа дүние үйренуіне және өмірлерін жақсы жаққа өзгертуіне жол ашу.

Ең бастысы, бұл үшін ортадағы дауысы ең қатты шығатын адам болу міндетті емес. Кейде қасыңнан табылып, қолдау көрсететін, шабыттандырып, өзгелердің жақсырақ болуына үнсіз үлес қосатын жандардың ықпалы әлдеқайда күштірек болады. Біреудің өмірін өзгерту үшін әрдайым назар орталығында жүрудің қажеті жоқ – кейде өз мысалыңмен бағыт көрсетіп, адамға өз күшіне сенуге мүмкіндік беру жеткілікті.
Осы ойды Алина да қостайды. Ол үшін жаңа заманның ең маңызды дағдыларының бірі саналатын басты ұғым – эмпатия. Нағыз көшбасшылар адамдарды жай ғана басқарып қоймайды – олар шабыттандырады, біріктіреді және соңынан ерте біледі. «Көшбасшылар дегеніміз тек басқаратындар емес, адамдар соңынан еруге дайын тұлғалар».
Бірден байқалмайтын табыс
Егер көшбасшылықтың сипаты өзгерсе, оның нәтижесін өлшейтін көрсеткіштер де өзгереді. Жолдың басында табыс көбіне сандық көрсеткіштермен есептеледі: жүзеге асқан жобалар, қол жеткен мақсаттар, нақты нәтижелер. Бірақ уақыт өте келе, Әлима байқағандай, бұл көзқарас та өзгереді. Кәсіби толысқан шақта табыс дегеніміз тек бүгін атқарылған іспен емес, өзіңнен кейін қалатын оң өзгерістермен өлшенетінін түсінесің.
Табыс – бұл тек қазіргі сәттегі жетістіктер ғана емес, жоба аяқталса да өз жалғасын табатын ұзақ мерзімді ықпал. Мұндай нәтиже бірден көріне бермейді. Кейде оны тек бес, жеті немесе тіпті 10-жылдан кейін ғана – кезінде қабылданған шешімдердің арқасында адамдардың, ұйымдардың, қауымдастықтардың немесе тұтас жүйелердің қалай өзгергеніне қарап бағалауға болады.

2026 жылғы көшбасшы қандай болмақ
Егер Gen.T сахнасында айтылғандардың бәрін жинақтасақ, жаңа көшбасшының бейнесі үйреншікті басшының портретінен мүлдем алыс екенін байқаймыз. Бүгінгі көшбасшы бұл ең көп білетін, бәрінен дауысы қаттырақ шығатын және бақылауды мықтап ұстайтын адам емес. Ол – сенімді тірек болмаған кезде де тұрақтылығын сақтайтын, үрейге қарамастан өзіне маңызды іспен айналысатын, басқалар тек кедергіні көретін жерден мүмкіндік табатын тұлға. Ол өз еңбегінің құнын айқай-шумен емес, жылдар өтсе де өшпейтін ізімен өлшейді.
Жаңа көшбасшының басты артықшылығы – ақпаратқа қол жеткізу немесе зәулім кабинет емес. Бұл – оның соңынан еруге дайын адамдар. Және, біздіңше, Қазақстандағы Gen.T Leaders of Tomorrow тұңғыш лауреаттарын біріктіріп жатқаны да дәл осы қасиет.
